Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркия президенті Қазақстанмен тауар айналымын $10 млрд дейін көбейтуді көздеп отыр
    Жаңалықтар

    Түркия президенті Қазақстанмен тауар айналымын $10 млрд дейін көбейтуді көздеп отыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркияға барған сапарында ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сол елдің президенті Реджеп Тайип Эрдоганмен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

    «Р. Эрдоган Анкарада қос ел көшбасшыларының төрағалығымен жоспарланған Жоғарғы деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысы екі мемлекет арасындағы әмбебап ынтымақтастыққа үлкен серпін беретініне сенім білдірді. Қазақстан Түркияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі болып табылады, сондықтан Р. Эрдоған екі жақты тауар айналымын 10 млрд долларға дейін ұлғайту туралы жаңа мақсат қоюды ұсынды», — делінген жұмадағы СІМ хабарында.

    «Р. Эрдоган Қазақстан Президентінің қолдауымен өтудегі Сирия жөніндегі Астаналық үдерістің маңызын атап өтті. Түркия Президентінің пікірінше, бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырды. Р. Эрдоғанның айтуынша, кепілдік беруші елдер Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға тырысады. Бұл туралы Түркия, Ресей және Иран лидерлері 4 сәуірде Анкарада өткен кездесудің барысында келісті. Түркия Президенті, сондай-ақ Қазақстанның рохинджа еліне гуманитарлық көмек көрсетуде қосқан үлесі үшін Президент Н. Назарбаевқа өз алғысын білдірді», — делінген хабарда.

    Сонымен қатар, Анкарада Қ. Әбдірахманов Түркия Парламентінің Төрағасы Исмаил Кахраманмен кездесу өткізді. Оның барысында парламентаралық байланыстар мен екі елдің халықаралық парламенттік ұйымдарда өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, Қазақстан СІМ басшысы сапар барысында алдыңғы қатарлы саяси орталықтардың басшыларымен және түрік бұқаралық ақпарат құралдарының шолушыларымен кездесіп, Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайлар туралы пікір алмасты, делінген хабарда.

    ҚР СІМ ақпарынша, қазіргі уақытта Түркияның іскерлік топтары Қазақстанның экономикасына 2 млрд. доллардан аса қаражатты инвестициялады, ал Түркиядағы қазақстандық инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 1 млрд. долларды құрайды. Қазақстанның құрметті консулдықтары Түркияның Адана, Бурса, Невшехир, Мерсин провинциялары мен Алания қаласында қызмет жасайды.

    Бұған дейін хабарланғандай, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл жазда Түркияға баруды жоспарлап отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.