Жүз он мыңнан астам тұрғыны бар Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков БАҚ өкілдеріне ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер бойынша есеп берді. Негізінен ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салалары бойынша табысты жұмыс жасап жатқан ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 68 млрд. 800 млн. тенгені құраған. Ал, оның 31 млрд. тенгеден астамы ауыл шаруашылық саласына тиесілі болса, өнеркәсіп саласында да өсім байқалады. Әсіресе, қарқынды алма бауын ендіру бойынша көш бастап тұрған Түлкібас өңірінде туризм саласын жандандыруға қатысты бірқатар ауқымды бастамалар қолға алынып отырған жайы бар.
ҚАТЕРЛІ ДЕРТТІ ЕМДЕУДЕГІ МЕДИЦИНАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шымкентке Моңғолиядан дәрігер-онкологтар келді. Тәжірибелі хирургтардың қатысуымен ауыр дертке шалдыққан науқастарға ота жасалып жатыр. Осылайша жергілікті мамандар бауырдағы қатерлі ісікті...