Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Б.Сағынтаев әкімдерге МЖӘ негізінде жатақханалар құрылысын кеңейтуді тапсырды
    Жаңалықтар

    Б.Сағынтаев әкімдерге МЖӘ негізінде жатақханалар құрылысын кеңейтуді тапсырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Үкіметінің отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселесін қарау барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ұлттық экономика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау министрлері, сондай-ақ бірқатар облыстардың әкімдері МЖӘ дамыту туралы баяндады. Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы МЖӘ тетіктерін қолдану саласын кеңейтуге үлкен мән беріп отырғанын атап өтті. Үкімет тарапынан барлық қажетті шешімдер қабылданып жатыр және МЖӘ саласындағы заңнаманы өзгерту жөніндегі мәселелер уақытылы қаралуда. «Бүгінгі басты мәселе – Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында МЖӘ негізінде студенттерге арналған жатақханалар салу. Өңірлердің әкімдері аталған мәселеге баса назар аударуы керек», – деді Бақытжан Сағынтаев. МЖӘ жобаларының 75%-ке жуығы әлеуметтік салаға тиесілі. Бұл — білім беру және денсаулық сақтау нысандары. Оларды жүзеге асыру мемлекетке бюджетті жеңілдетуде үлкен көмек береді. Бұдан өзге, Б. Сағынтаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында МЖӘ тетіктерін енгізу бойынша алғашқы қадамдар жасалып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбекке МЖӘ шеңберінде жүзеге асырылатын барлық жобаларды мұқият қарау тапсырылды. Бақылау жұмыстары Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаевқа жүктеледі.

     

    Дереккөз: 24.kz, сурет — primeminister.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.