Сарыағаш ауданының Бірлік ауылында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық күрес шараларын ұйымдастыру жұмыстарының барысы бойынша семинар өтті. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен өткен кеңеске барлық аудан қала әкімдері мен шаруашылық өкілдері қатысып биыл тиісті шараларды өз денгейінде сапалы атқару жайы жан-жақты талқыланды. Химиялық өңдеу жұмыстарына арналған техникалардың дайындығы таныстырылып жауапты міндеттерді жүзеге асыруда жұмыла жұмыс жасау қажеттігін ескерткен аймақ басшысы жауаптыларға нақты-нақты тапсырмалар да жүктеді. Сондай-ақ, өңір басшысы бұл күні аудандағы «Ақылбайсай» су қоймасының жұмысымен де арнайы танысты.
ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ
Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл қала бойынша 1300-ден астам азаматты әскер қатарына жіберу жоспарланған. Қазірдің өзінде 340-қа жуық жас...










