• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Елбасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады

10.04.2018
0

akorda.kz

Келер жылы еліміз бойынша 13 мың 500 мұғалім оқушыларға ағылшын тілінде білім береді. Бұл туралы бүгін Ақордада президентке ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылым саласын дамыту бағдарламасын бағамдады. «Бұл ауқымды жоспар елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға игі ықпал етеді», – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Айтып жатқан барлық бағдарламалардың ішінде төртінші технологиялық революция дейміз, жаңғыру, цифрландыру, барлық ғылым, техниканың ең басында білім мен білім беру ісі жатыр. Жастарды қалай тәрбиелейміз, қандай мамандар шығады, соған барлығы байланысты. Оның ішінде көп тапсырмалар болды. Білім беру ісінде жаңғыру жүріп жатыр. Жалақысын көбейтіп жатырмыз мұғалімдердің. Жоғарғы білім беру саласында қанша мәселелер бар. Оңай емес барлығы. Сондықтан білім министрлігінің еліміздің өркендеуіндегі алатын орны жекеше болады. Сенің мойныңда өте көп жүк бар. Өте көп міндет бар. Өте көп үміт бар. Мен жұмыс істеп жатқаныңды білемін. Көп нәрсені өзгертіп жатырсың. Дұрыс жолда келе жатырсың. Ал енді 2016-2019 жылға арналған бағдарлама. Вот ход выполнения этой программы. Она очень важна. Во всех наших программах экономического, технического, современного развития лежит подготовка детей со школьной скамьи, ВУЗы, колледжи, каких специалистов мы подготовим, так и двигаться будет наша страна и экономика. Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: – 2016 жылы 2000 мұғалім ағылшын тіліне оқытылды. Былтыр мұндай оқу курсынан 11 мың 500-і өтті. Биыл барлығы дайын болады. Яғни 2019 жылы 13 мың 500 мұғалім ағылшын тілінде сабақ беруге кіріседі. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Пәндерді ағылшын тіліне көшіру жоғары сыныптарда да болады ғой. 10-11-сыныпта. Оған дейін жалпы оқу болады. Бағдарламамыз жалпы осы. Себебі біз ағылшын тіліне балаларды оқытпай, ертеңгі күні маман даярлай алмаймыз. Бүгінгі күні медицинада ағылшын тілін білмейтін мамандар қалай оқиды? Қалай олар игереді техниканы, технологияны? Сондықтан бұл – заманның талабы, ата-аналар да оны түсінуі керек. Балалар да қатардан қалып қалмасын десе, осыған қарай жүруіміз керек. Бірақ қазақтың тілін ұмытпаймыз, әрине. Сондай-ақ Елбасы 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту ісіне тоқталып, 12 жылдық білім беру жайын саралады. Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: – Қазір бізде 3640 балабақша бар. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 4 мыңға жеткіземіз. Сөйтіп кезек мәселесін түбегейлі шешеміз. Ал мектептерде жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы жүзеге асып келеді. Ол үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі қолданылады. Жыл сайын 75 мың мұғалімді қайта оқытамыз. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Жаңартылған білім мазмұны дегенді ел түсіну үшін айтайын, бірінші ол – 12 жылдық мектепке көшу. Екіншіден, әліпбиді 0 кластан бастап оқытып, 20 жылға қарай дайындау. Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: – Енді ол бізде жалпы дайын. Биыл ол апробациядан өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Мына мектептердің 85 пайызы 5 күндік оқуға көшеді. Сонда мына бағдарлама оны қамти алады ма? Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: – Болады. Бізде лицейлер бар, гимназиялар бар. Қазір олардың сағаттарын өзгерту керек. Қазір 18 сағат оқып жатыр ғой. 16 сағатқа шықсақ, ол мектептердің 95 пайызы.

дереккөз: 24.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.