Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жамбыл облысында бизнеске кедергі келтірген 7 шенеунік жазаланды
    Жаңалықтар

    Жамбыл облысында бизнеске кедергі келтірген 7 шенеунік жазаланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, мемлекеттік органдар мен өңір бизнесінің өкілдері қатысты.

    Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау бағытындағы жұмысының нәтижесі туралы айтқан Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Жоғарғы сотпен байланыс орнатқанын атап өтті.

    «Кәсіпкерлердің ісі сотта қаралғанда көп жағдайда іс мемлекеттік органдардың  пайдасына шешіледі. Былтыр бұл тәжірибені бірлесіп зерттеу және жою үшін  Жоғары сотпен Жол картасына қол қойдық. Жалпы айтатын болсақ, «Атамекен» жұмыс істегелі бері Ұлттық палатаға 22 мыңнан аса өтінім келіп түсті, оның 40%-ға жуығы оң шешілді. Осылайша, 92 млрд теңгеден астам сомада кәсіпкерлердің мүліктік құқығы қорғалды», — деп хабарлады Тимур Құлыбаев.

    Бизнесті қорғауға өңірлік деңгейде де басымдық берілген.

    Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек өзінің сөзінде Палатаға бизнесмендер шағымданғаннан кейін жыл басынан бері алты шенеунік – тәртіптік жауапкершілікке, бір шенеунік ­әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Былтыр Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына 162 өтінім түскен, оның ішінде 59 өтінім оң шешілді. Кәсіпкерлердің 2,5 млрд теңгеге мүліктік құқығы қорғалған.

    Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің өңір экономикасына салған айтарлықтай үлесі де атап өтілді. Былтыр бизнестен жалпы сомасы 28,5 млрд теңге салық түкен, яғни облыс бюджетінің 35%-ын құраған.

    Кәсіпкерлер палатасы әкімдікпен бірлесіп, сауда орындарының сыртқы сипатына бірыңғай стандарт пен талап қоя отырып, бизнеске саудасы үшін  бос орындарды беру бағдарламасын дайындауда. Сонымен қатар өңірде коммуникациясы жүргізілген орындарды жалға беретін шағын индустриялық аймақ құру мәселесі де талқылану үстінде.

    Жамбыл облысында Ұлттық палатасының бастамасымен қолға алынған «Бастау» жобасы сәтті жүзеге асырылып отыр. 2017 жылы өңірде 1125 азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алды. Биыл бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайту көзделген. Сонымен қатар Жамбыл облысының ең аз дегенде 500 азаматы жеке кәсібін ашады деп күтілуде.

    Дереккөз: ult.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.