Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Ербол Қуанышұлы Тасжүреков тағайындалды. Бүгін өңір басшысы жаңа облыс әкімінің орынбасарын әкім аппаратына таныстырды.

    «Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Салдарұлы Жамалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты, бүгін облыс әкімінің орынбасары лауазымына Ербол Қуанышұлы Тасжүреков тағайындалып отыр. Ал, Бауыржан Салдарұлы өзіне жүктелген салаға жетекшілік ету барысында бірқатар жақсы бастамалар, оң өзгерістер енгізді, олар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Өз атымнан және әріптестерімнің атынан алғыс білдіремін. Енді Ербол Қуанышұлы осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра отырып, өзінің біліктілігі мен іскерлігін дәлелдеп өңір экономикасының дамуына үлесін қосады деп сенім білдіремін»,-деді Ж.Түймебаев.

    Ербол Қуанышұлы 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Ол М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Казақ-Түрік университетінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі болып табылады. Сонымен қатар, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, Франция Республикасының Ұлттық әкімшіліктендіру мектебін бітірген.

    Е.Тасжүреков 1998-2001 жылдары «Қазнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері ретінде еңбек жолын бастап, кейін «Седанко-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары,  «Профиль-Lux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып еңбек еткен.

    2007-2013 жылдары Астана қаласының №2 Алматы аудандық сотының маманы, Астана қалалық сотының бас маманы, Астана қаласы сотының кеңсе меңгерушісі лауазымдарында болған.

    2013-2016 жылдары ҚР Өңірлік дамыту министрлігі Кәсіпкерлік саясатын дамыту департаменті басқармасының басшысы, Өңірлерді мониторингілеу және бағалау департаменті басқармасының басшысы, Ұлттық экономика министрлігінің  Өңіраралық ынтымақтастық, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

    2016 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары лауазымында еңбек етіп келген.

     

    ОҚО әкімінің баспасөз

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.