Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Осы жылдың бірінші тоқсанында салық түсу көрсеткіші 114,5%-ға орындалды
    Жаңалықтар

    Осы жылдың бірінші тоқсанында салық түсу көрсеткіші 114,5%-ға орындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2018 жылдың бірінші тоқсанында орындалу көрсеткіші 114,5%. Аталған уақыт аралығында мемлекеттік бюджетке түскен салық мөлшері 283,5 млрд теңгеге асыра орындалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

    «Бірінші үш айдың қорытындысы өте жақсы. Орындалу мөлшері 114,5% немесе 2 трлн 244 млрд теңге түсті.  Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жоспар  283,5 млрд теңгеге асыра орындалды», — деді Мәди Такиев.

    Сондай-ақ, Ұлттық қор түсімдеріне қатысты жоспар да орындалды. Қорға 458 млрд теңге түсім түсіп, жоспар 182,5 млрд теңгеге орындалды.

    «2018 жылдың бірінші тоқсанымен 2017 жылдың дәл осы уақытын салыстыратын болсақ, бюджетті шоғырландырудың өсу көрсеткіші 104%-ды құрайды, бұл 82 миллиардқа артық», — деп атап өтті спикер.

    Такиев 2017 жылы салық түсу көлемі 106,3% болғанын еске салды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы 8 трлн 812 млрд теңге түсім түскен, оның ішінде мемлекеттік бюджет 101%-ға орындалып, 6,8 трлн теңге түсім түсіп, оның 95 миллиарды асыра орындалған.

    «Ұлттық қордың түсім көлемі — 127%, ол 2 трлн теңге, яғни 426 млрд теңгеге асыра орындалған. 2017 жылы салық түсімдері 2016 жылмен салыстырғанда 123%, яғни 1 трлн 658 млрд теңгеге асыра орындалды», — деді Мәди Такиев.

    Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Мәди Такиев 2017 жылы еліміздегі салықтық тексерулер саны 45 пайызға төмендегенін айтты.

    «Өткен жылы Мемлекет басшысы салықтық тексерулер санын 37,5 пайызға төмендетуді тапсырған болатын. Біз өткен жылдың қорытындысына аталған көрсеткішті 45 пайызға дейін немесе тексерулер санын 76794-тен 42018-ге дейін қысқарта алдық», — деді ол.

    Дереккөз: BNews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.