Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандық мектептерді латын әліпбиіне көшірудің кестесі жарияланды
    Жаңалықтар

    Қазақстандық мектептерді латын әліпбиіне көшірудің кестесі жарияланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы кестені бекіту жөніндегі бұйрық жобасын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    Жобаны көпшілік алдында талқылау 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

    Кестеге сәйкес, 2019 жылдан 2025 жылға дейін жалпы орта білім беретін ұйымдардағы ұстаздарды латын графикасына өтуді есепке ала отырып, біліктілікті арттыру бойынша курстардан өткізу жоспарланған. Ведомстводағылардың есептеуінше, 192 мыңнан аса мұғалім курстардан өтеді.

    Латын графикасына өтудің жоспарлы кестесі:

    0, 1 сыныптар — 2020 жыл 0, 1 плюс

    2 сынып — 2021 жыл 0, 1, 2 плюс

    3 сынып — 2022 жыл 0, 1, 2, 3 плюс

    4 сынып — 2023 жыл 0, 1, 2, 3, 4 плюс

    5-9 сыныптар — 2024 жыл 0, 1, 2, 3, 4, 5-9 плюс

    10, 11 сыныптар — 2025 жыл

    Оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтардың латын графикасына өтуінің жоспарлы кестесі:

    0 сынып (мектепалды) — 2018 жыл

    1 сынып — 2019 жыл

    2 сынып — 2020 жыл

    3 сынып — 2021 жыл

    4 сынып — 2022 жыл

    5-9 сыныптар — 2023 жыл

    Қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептердегі оқулықтардың барлығын және қазақ тілінде білім бермейтін мектептерде «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқулықтарды латын графикасымен қайта басып шығару, жергілікті атқарушы органдардың оқулықтарды сатып алуын ұйымдастыру мына кесте бойынша жоспарланған:

    0 сынып (мектепалды) — 2019 жыл

    1 сынып — 2020 жыл

    2 сынып — 2021 жыл

    3 сынып — 2022 жыл

    4 сынып — 2023 жыл

    5-9 сыныптар — 2024 жыл

    10-11 сыныптар — 2025 жыл

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл ақпанда латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. Оны мына жерде көруге болады

    Дереккөз: tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.