Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбеде жазда Батыс Қазақстандағы ең үлкен саябақ ашылады
    Жаңалықтар

    Ақтөбеде жазда Батыс Қазақстандағы ең үлкен саябақ ашылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ақтөбе қаласында Батыс Қазақстандағы ең ірі отбасылық демалыс саябағы К.Нокин мен 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылдарының қиылысында ашылады, деп Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның жалпы ауданы 3,5 га құрайды, жобаға салынған инвестициялар көлемі 658 млн. теңгеден асады.

    Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев учаскедегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

     Ашық аспан астындағы бірегей ойын-сауық саябағы ағымдағы жылдың 1-маусымында ашылады. Бұл жерде хайуанаттар паркі, этноауыл, ұялы планетарий, мини-гольф алаңы, жазғы кітапхана, үлкен лабиринт, құзға өрмелеу, жыл бойғы мұз айдыны, спорт және ойын алаңдары, батуттар, арқандар паркі, тир, боулинг тағы басқалар болады.

    — Балалар мен ересектерге арналған бұл отбасылық саябағы демалыс пен ойын-сауықты біріктіруге мүмкіндік береді. Жабдықтарға тапсырыс берілді, жеткізіліп жатыр, деді – облыс әкіміне «Nurai Invest Group» директоры Ербол Мұхамеджан.

    Аймақ басшысы саябақ сапасына ерекше назар аудара отырып, саябақтың «Бақытты бала» жобасы аясында кішкентай ақтөбеліктер үшін ең үлкен сыйлық болатынын атап өтіп, оны Халықаралық балаларды қорғау күніне дейін бітіруді тапсырды.

    Еске сала кетейік, демалыс саябағы «Киіз үй паркі» ірі жобасының бір бөлігі болып табылады, оның екінші кезеңін 2020 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, инвесторлар осы уақытқа дейін 9 миллиард теңге тұратын мәдени-сауық кешенінің құрылысын аяқтауды көздеп отыр.

    — Кешеннің жалпы ауданы 40 мың шаршы метрді құрайды. Бұл батыс өңіріндегі және Қазақстандағы ең ірі саябақтар тізіміне енетін болады. Сегіз қабатты ғимарат үш блоктан тұрады: іскерлік-әкімшілік, спорттық-сауықтыру және мәдени демалыс ойын-сауық болып бөлінеді деп, — Ербол Мұхамеджан сөзін жалғастырды.

    Жобада инвестициялық учаскелер, асфальттау, көгалдандыру, жақын маңдағы аумақты абаттандыру қарастырылған. Атап айтқанда, 500-ге жуық шырша және канадалық үйеңкілер отырғызылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.