• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Қосымша 20 мың грант қайда бөлінбек?

06.04.2018
0

Жуырда 2018 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы мақұлданған Үкімет отырысында еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы негізіндегі іс-шараларды іске асыруға қажетті қаржы көлемін бағыттауды ұсынды. Яғни, осы аяда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін білім беру тапсырысын 20 мың грантқа ұлғайтуға 5 миллиард теңге бөлінбек. Бұл заң жобасы Үкімет басшысының тапсырмасымен Парламент қарауына енгізілді.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыстың көлемі жыл сайын өсуде. 2017-2018 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс 10 мыңға көбейген болатын. Биыл Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының аясында қосымша 20 мың грант берілетін болды. Бүгінде аталған міндеттерді іске асыру үшін жол картасы әзірленіп, қосымша білім беру гранттарына арналған ұсыныстар қаулы жобасы ретінде министрліктерге, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жоғары оқу орындарына жіберілді. Бұл жоба бойынша техникалық мамандықтарға – 11 мың грант, басқа мамандықтарға – 5 мың грант, магистратураға – 3 мың грант және PhD бағытына 1 мың грант бөлінді. Үкіметтің 2000 жылдары қазақстандық маман тапшылығын білім несиесі есебінен түгендегені елдің есінде болар. Тоқсаныншы жылдардың соңында орын алған қаржы дағдарысынан кейінгі уақытта аталған бағдарлама білім деңгейі жоғары мектеп бітіруші түлектердің жоғары білім алуына жан-жақты жағдай жасады. Әрине, белгілі мамандыққа ие болған білім несиесінің иегерлері еңбек жолын бастаған соң үкіметтік займды өтеуде аса қиналған жоқ. Ал бұл жолы ешқандай қарызсыз қосымша 20 мың гранттың бөлінуі елдің адами капитал ресурсын нығайтуға бағытталған тиімді қолдау болары анық. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керектігін айтқан болатын. Сондықтан 20 мың грант шын мәнінде 20 мың адамның аталған саладағы үлесін арттыруға соны серпін береді деп күтілуде. Бұл ретте металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және ІТ-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамытуға көңіл бөлінбек.

Қазір Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, 2017 жылы Quacquarelli Symonds World University Rankings атты әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне 8 қазақстандық жоғары оқу орны кірді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында биыл университеттердің академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту, білім беру бағдарламаларының тәуелсіз рейтингін жүргізу және үздік білім беру бағдарламаларының тізімін жасау, шетелдерде білім беру көрмелерін ұйымдастыру, Қытай, Үндістан, Өзбекстан және Түркіменстанда халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдіктерін ашу мәселесін пысықтау, екі дипломдықбілім беруді жүзеге асыру арқылы шетел студенттерін тарту, ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын іске асыру, ақпараттық технология, педагогикалық, медициналық, техникалық бағыттар бойынша жаңа университеттер ашуды талқылау, ағылшын тілінде 10 жаңа бағдарлама әзірлеу іспетті жұмыстар жалғасын табады.

Таяуда Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Білім және ғылым министрінің төрағалығымен жоғары оқу орындарының ректорларымен өткен кеңесте де келелі мәселелер қаралды. Мәселелерді талқылау барысында министр Ерлан Сағадиев еліміздегі жұмыс орындарының басым бөлігін бизнес-қауымдастықтар құратынын, сондықтан жоғары оқу орындарын бітірушілерді бәсекеге қабілеттілікке қойылатын қазіргі талаптарға бейімдеу қажеттігін атап өтті. Осы орайда министрлік өкілдері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс берушілерді тарта отырып, білім беру бағдарламаларын бағалау жұмысына кірісті. Бұл білім беру бағдарламаларын бағалау негізінде талапкерлер мен жұмыс берушілерге еңбек нарығында сұранысқа жауап беретін білім беру қызметін ұсына алатын мамандықты да, жоғары оқу орнын да таңдауға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларына қажеттілік пен сұранысты ескере отырып, мемлекеттік гранттарды бөлу кезінде шешім қабылдау мүмкіндігіне жол ашады. Мұның өзі білім беру бағдарламаларын өзектендіру мен жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен байланысын нығайтуға септеседі деп күтілуде. Әрине, қазіргі білім алушылар ел экономикасында 30, 40, 50-жылдары еңбек ететін болады. Егер 1760 жылдардан 1840 жылдарға дейінгі алғашқы өнеркәсіптік революцияның негізгі тетігі механикалық өндірістің дамуына жол ашқан бу машинасын ойлап табу мен темір жолдардың құрылысы болса, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына дейін жалғасқан екінші өнеркәсіптік революция шеңберінде электр қуаты мен конвейердің енгізілуі өндірістің жаппай таралуына жағдай жасады. Ал үшінші өнеркәсіптік революция 1960 жылдарда басталды. Бұл үлкен ЭВМ-дер мен жеке компьютерлердің енгізіле бастаған шағы. Ал бүгінгі төртінші өнеркәсіптік революция цифрлы қоғамды қалыптастырып отыр. Әлем елдері жедел өзгерістердің бастауында тұр. Ал оған дайын болудың бір шарты – білікті маман даярлау. Осы үдеден табылу үшін де 5 әлеуметтік бастама шеңберіндегі 20 мың қосымша оқу грантының бағытталар межесі әр саладағы ақпараттық технологиялар болуы тиіс. Бұл ретте сарапшылар жаһандық сипат алған корпоративтік инвестициялармен жұмыс істеу тәжірибесін зерделеу арқылы өте пайдалы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын айтады.

Дереккөз: egemen.kz

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.