Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ»: Азия күрес кеңесінің президенті, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов — Оңтүстікте!
    Жаңалықтар

    «Айғақ»: Азия күрес кеңесінің президенті, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов — Оңтүстікте!

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Даңқты спортшы Дәулет Тұрлыхановтан «Айғақ» арнасы эксклюзивті сұхбат алды.

    dsc_0007

    Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы «Оңтүстік өңіріндегі спортшылар елеулі жетістіктерімен ерекше» деп пікір айтты. Айта кетейін, атқарушы және өкілетті билікте қызмет еткен ел мақтанышының Оңтүстік өңіріне келгендегі мақсаты — жас балуандарды іріктеу. Яғни, Сарыағаш ауданында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған республикалық турнир басталды. Атақты балуан жас спортшыларға сәттілік тілеп, «Алтай ата» спорт кешенінің ашылуына да куә болды.

    dsc_0023

    Елбасының группаласы Алтай Салимовтың есімін иеленген спорт кешенінің ашылу рәсіміне даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов келген сәтте спорт сүйетіндердің барлығы құшақ жайып қарсы алды. Екі рет ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, спорт министрлігінде қызмет еткен ел мақтанышын ауылдың қара домалақ балдарына дейін тағатсыздана күткені көрініп тұр.

    Жеке кәсіпкер, облыс мәслихатының депутаты Салимов  Алмас Алтайұлының демеушілігімен салынған спорт кешені Жібек жолы ауылындағы ағайындар үшін таптырмас нысан. Болашақта әлемдік деңгейдегі жарыстарда алтыннан үмітті қара домалақтар осы спорттық кешенде денесін шынықтырып, жаттығуына мүмкіндік беріп отыр. Халқымыз «кісі болар баланың кісесінен белгілі» демей ме. Дәл осы шараға қатысқан балақайлардың көзіне қарап «Көк туымызды көкке көтерушілер ғой» деп үміттендік. Нағыз мықты балуандар елді мекеннен шығады. Өйткені, топырақта аунап, қатарласымен тебісіп өскен бала намысшыл келеді емес пе? Спорт десе делебесі қозған жастарға жағдай жасалынып жатқаны қуантарлық.

    dsc_0024

    Қонақ келсе – құт дейтін халқымыз салт-дәстүрден аттамаған. Міне соның көрінісін бүгінгі шарадан тағы бір байқадық. Даңқты спортшы Дәулет Тұрлыхановтың иығына шапан, астына ат мінгізіп ертеден келе жатқан құрметті көрсетті.

    dsc_0028

    Сосын спорт кешенінің лентасы қиылып, жиылғандар ішкі құрылысымен танысты. Балуандар белдесетін боз кілем мен былғары қолғаппен боксқа шығатын шаршы алаң бар. КСРО-ға және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Тұрлыханов ғимараттың ішіне кіріп, бұғанасы қатпаған жас спортшылардың өнерін көрді. Чемпион болуды арман еткен жасөспірімдер күрестен өз икемдерін көрсетіп бір-бірімен белдесті. Болар баланың бетін қақпай, белін буып жүрген Дәулет Тұрлыханов әрбіріне сәттілік тілей отырып естелікке суретке түсті. Тіпті осы күні еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін ел мақтанышын жібергісі келмей, суретке жарыса түсіп жатты.

    dsc_0059

    Атақты спортшының келуіне орайластырып Сарыағаш ауданында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған республикалық турнир басталды.  «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген бар. Сәуір айы осындай республикалық турнирмен шымылдығын ашты. Бұл жарыс әдеттегідей бір күн емес, бес күнге бөлінген. Жыл сайын Қазақстанның әр қаласында өткізіліп келе жатқан республикалық сайыстың Сарыағашта жалғасуында үлкен мән бар. Себебі бұл аудан соңғы жылдары спорттан көзге түсіп, жас чемпиондардың жұлдызы жанып тұр.

    dsc_0061

    Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.