Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Асхат Аймағамбетов: Педагогикалық мамандықтар үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға арналған жаңа пән енгізілді
    Білім

    Асхат Аймағамбетов: Педагогикалық мамандықтар үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға арналған жаңа пән енгізілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сейсенбі күні ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, 2017 жылы педагогикалық мамандықтарға инклюзивті білім берудің жаңа пәні енгізілгенін айтты, ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

    Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру — Білім және ғылым министрлігінің маңызды міндеттерінің бірі.

    «Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орындалуы тиісті нақты көрсеткіштер бар. Жалпы, бұл көрсеткіштер орындалып жатыр. Дегенмен, мәселе мынада — тиісті білім алуды қалайтын мүмкіндігі шектеулі балаларды қандай жолмен оқытамыз?», — деді вице-министр.

    Спикердің айтуынша, мәселе мектептерде пандустардың болмауында ғана емес, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша көлемді жұмыстар жүргізу қажет.

    «Біріншіден, мұғалімдерді дайындау керек. Екіншіден, тиісті оқулықтар қажет. Үшіншіден, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Бүгінде барлық осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Асхат Аймағамбетов.

    Вице-министр жұмысты мұғалімдерден бастау керектігіне назар аударды.

    «Біз болашақ мұғалімдерді мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Сондықтан 2017 жылы педагогикалық мамандықтарға инклюзивті білім беру пәнін енгіздік. Мәселен, сыныпта 25 бала болса, олардың ішінде 2 бала ерекше назар аударуды талап етеді. Аталған пәнде болашақ мұғалімдерге осы балаларға мектеп бағдарламаларын қалай ұсынуға болатыны, олармен жұмыс істеу, оларды қалай бағалау керектігі туралы үйретеді», — деді Асхат Аймағамбетов.

    Еске сала кетейік, бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында 2017 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары қаралды. Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев 2017 жылы балабақшалардың 15% инклюзивті білім беруге жағдай жасағанын мәлімдеді. Тоғыз өңірде бұл көрсеткіш республикалық деңгейден жоғары (Қарағанды — 34,3%, Атырау — 30,9%, Қостанай — 26,9%, СҚО — 26,9%, Павлодар — 23,4%, Ақмола — 23%, Жамбыл — 21,2%, ШҚО — 20,2%, БҚО — 18,1%).

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.