Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Алтын адам» Мәскеу көрмесіне қойылды
    Жаңалықтар

    «Алтын адам» Мәскеу көрмесіне қойылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Рухани жаңғыру» бағдаралмасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып жатқан «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы аясында Мәскеуде ежелгі дала өркениетінің бірегей мұрасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Халықтық және сәндік-қолданбалы өнердің бүкілресейлік музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырып жатқан «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесіне келген Мәскеу тұрғындары мен қонақтары Қазақстаның нышаны ретінде бүкіл әлемге танымал болған «Алтын адам» экспонатын тамашалауға мүмкіндік алды.

    Сонымен қатар көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері, біздің заманымызға дейінгі VII-ІІІ ғасырларға тиесілі алтын бұйымдар қойылған. Таныстыруға қойылған жәдігерлердің жалпы саны 170-тен асады.

    10

    Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов келушілер назарына ұсынылып отырған артефактілер сақ мәдениетінің зооморфтық «аң» стилін паш ететіндігімен бірегей саналатындығын баса айтты.

    101

     «Сіздерді осынау көрмеде қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл көрме бірегей саналады. Себебі Есік қорғандар кешені мен «Алтын адам» — бұл елімзідің ең мықты тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі. Қазіргі Қазақстан аумағы — бұл 8 ғасырдан бастап біздің заманымызға дейін сақ мәдениетінің қалыптасып, одан ары дамыған кеңістігі. (…) Көшпелілер, сақтар осынау мәдениеттің тасымалдаушылары ретінде өте бай тарихи мұра қалдырды. Дегенмен, өкінішке орай аумалы-төкпелі заман сол артефактілердің аздаған бөлігін ғана бүгінгі күнге дейін сақтауға мүмкіндік берді. Айта кетерлігі, «Алтын адам» 4 мың алтын бұйымдар түрінде табылды. Бұл Есік кешені қорғандарының қапталдағы қорымының бірінен ғана алынған бұйымдар»,- деді Елші.

    102

    РФ Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Владимир Аристархов Мәскеуде ашылған көрме «Алтын адамның» әлемдік шеруінің бастауы екендігін атап өтті.

    103

    «ТМД елдерімен мәдени алыс-беріс пен ынтымақтастық Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі жұмысының басымдығы саналады. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасының бірінші көрмесінің Мәскеуде өтуі біз үшін зор мәртебе. «Алтын адамның» табылуы 20 ғасырдағы археология саласының ең ірі оқиғаларының бірі болып табылады», — деді Владимир Аристархов.

    104

    Ал РФ Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдко бүгінгі көрмеден қазақ мемлекетінің шығу тегін, халықтық танымы мен мәдениетін көруге болатындығын баса айтты.

    105

    «Бүгінде біз соңғы жылдары елдің қалай қарқынды дамып келе жатқанына және онда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қандай маңызды рөлге ие екендігіне куәміз. «Алтын адам» елдің бай-бақуатты даму тұмарына айналсын», — деді ол. Айта кетерлігі, көрме 13 мамырға дейін жалғасады. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының маршрутына Шығыс Азия (Жапония мен Корея), Еуропа (Австрия мен Франция), сонымен қатар ТМД елдері мен АҚШ кіреді.

    106

    Жобасының мақсаты Еуразияның Ұлы Дала белдеуінің бай мәдени мұрасымен шетелдік қоғамдастықты таныстыру.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.