Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қазақстандағы балмұздақ сататын нысандардың барлығы тексерілмек
    Денсаулық

    Қазақстандағы балмұздақ сататын нысандардың барлығы тексерілмек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2018Updated:03.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Оңтүстік Қазақстан облысында балмұздақтан уланған адамдардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

    «Қазіргі таңда ешқандай мораторий жоқ. Шағын және орта бизнес үшін каникул жүріп жатыр (…). ШОБ нысандары айтарлықтай емес эпидемиологиялық маңыздағы орындарға жатады. Олар тек халықтың шағымы түскен уақытта немесе қандай да бір төтенше жағдайлар туындағанда ғана тексерілетін болады», — дейді Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан кейін.

    Оның айтуынша, алдағы уақытта Қазақстандағы жұмсақ балмұздақ сататын барлық нысандар тексерілетін болады.

    «Біріншіден, бұл нүкте жабылды. Екіншіден, материалдар тергеу органдарына тапсырылып, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы тексеріс аяқталғаннан кейін осы орынды ашып, сапасыз өнімді сатқан жеке кәсіпкер Ешмұратовтың кінәсі қаншалықты екенін анықтайтын болады», — деді ол.

    Комитет төрағасының айтуынша, бүкіл Қазақстан бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің жергілікті органдары балмұздақ сататын орындарды тексеруді бастап кетпек.

    «Жалпы, сүт өнімдері әрқашан эпидемилогиялық маңызға ие. Ең бірінші кезекте, өнеркәсіптік ауқымда өнім шығаратын сүт өңдейтін кәсіпорындардың барлығы тексерілетін болады. Бұл жерде балаларда демалыс болғандықтан, ал сауда нүктесі қалалық саябақтан алыс болмағандықтан, сондағы халықтың көбі осы өнімнен дәм татқан болуы керек», — дейді Жандарбек Бекшин.

    Еске сала кетсек, Шымкентте осыған дейін ондаған адам балмұздақтан уланып, ауруханаға түскен болатын.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.