Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Биыл «Тассай» индустриялық аймағында 19 млрд теңгенің 7 жобасы жүзеге асады
    Жаңалықтар

    Биыл «Тассай» индустриялық аймағында 19 млрд теңгенің 7 жобасы жүзеге асады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл «Тассай» индустриялық аймағында жалпы құны 19 млрд 684 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылатын болады.  Нәтижесінде 720 жаңа жұмыс орны ашылмақ.  Бұл туралы аталған өндірістік аймақтың жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

    Өңір басшысы алдымен «Asia Trafo» ЖШС 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаратын зауытын аралап көрді. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысанды іске қосу жұмыстары 2018 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.

    «Зауыт іске қосылуға әзірлік жұмыстарын жандандырып жатыр. Бұл кәсіпорын іске қосылған жағдайда 400 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ең бастысы – қазіргі таңда кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беруге болады. Сондықтан жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп, зауытты ертерек іске қосуға мән берген жөн», — деді Ж. Түймебаев.

    Айта кетейік, кәсіпорын кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылуда. Мұндағы жоба құны 17,5 млрд. теңгені құрайды. Зауыт жылына 120 трансформатор шығаруды жоспарлап отыр. Зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын қанағаттандыратын болады.

    «Тассай» индустриялық аймағының жалпы аумағы 89 гектарды құрайды. Мұнда бүгінде жалпы құны 37 млрд 948 млн теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалар толық іске асса, 1631 жұмыс орны ашылмақ.

    Индустриалды аймақты аралап көрген өңір басшысы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының да барысымен танысты. Қазіргі таңда аймақта 2500 декаративті тал-дарақ отырғызылған. Олардың арасында қайың, қырымдық қарағай, қарағаш сынды түрлері де бар.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.