Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»ОҚО әкімі «Туған жерге тағзым» атты конференцияға қатысты
    Білім

    ОҚО әкімі «Туған жерге тағзым» атты конференцияға қатысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2018Updated:03.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Атбұлақ ауылындағы Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика — математикалық мектеп — интернатында «Туған жерге тағзым» атты  конференциясы өтті. Аталған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысты.

    Мектептің материалдық — техникалық оқу базасымен танысудан бастаған аймақ басшысы оқушыларды сапалы білім алып, ел абыройын асқақтататын азамат болуға шақырды.

    «Елбасымыз еліміздің жастары білімді де, білікті болуы керектігін үнемі айтып келеді. Президент осыған байланысты тиісті тапсырмалар беріп, азаматтардың білімін арттыруға барынша жағдай жасауда. Қазір сіздер оқып келе жатқан соңғы үлгідегі білім ошағы соның дәлелі. Ал, мұндай мектепте нашар оқудың өзі ұят. Сондықтан жоғары деңгейде білім алып, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азамат болып өсулерің керек», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Аталған білім ошағы 2007 жылы Елбасының «Дарынды балалар үшін мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету» туралы өкімі негізінде құрылып, ғимараты 2014 жылы пайдалануға берілген. Қос тілде оқытатын мектепте бүгінде 330-ға жуық оқушы білім алып келеді.

    Білім ошағы информатика, мультимедия, физика, химия пәндеріне арналған 40-қа жуық сынып бөлмеден бөлек, АКТ, спортзал, кітапхана, және асханамен қамтылған. Білім ұясы әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай қабілеттерін дамыту, сол арқылы баланы шығармашыл тұлға етіп қалыптастыруға бағытталған.

    Айта кетейік, Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика — математикалық мектеп – интернаты 2017 жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша республикадағы жоғары көрсеткіш көрсеткен мамандандырылған білім беру ұйымдарының алғашқы ондығына енді. Сондай-ақ, «2017 жылдың үздік мектебі» облыстық номинациясын жеңіп алған.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.