Шымкент қаласы әкімдігіне 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін 36411 өтініш-сауал келіп түскен, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«WhatsApp» мессенджеріне 16125 өтініш түскен. Оның ішінде 15833 өтінішке дер кезінде жауап берілсе, 292 өтініш орындалу барысында. Жалпы өтініштер мен ескертулер төмендегі бағыттар бойынша түсті: тазалық және абаттандыру бойынша – 3187; жол жөндеу және жер қазба жұмыстары бойынша — 2001; Су, газ, жарық бойынша — 2867; ашық құдықша, канализация ирригация бойынша — 1004; қоғамдық көлік тасымалдау мәселелері бойынша – 3562; көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру мәселесі бойынша – 346; басқа да мәселелер бойынша – 2992.
Инстаграм бойынша 7102 өтініш түскен болса, call-орталығына 3818 тұрғын хабарласқан. Сall-орталығына тұрғындар көбіне ақпараттық нөмірлер сұрап хабарласады, сондай-ақ қоңыраулар ауа-райының күрт бұзылған сәттерінде жиілейді. Инстаграмда жекеге (дайрект) жіберілген сауал-өтініштердің басым бөлігі қоғамдық көліктер, жол және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мәселелеріне қатысты болады.
Коммуналдық қызмет бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын диспетчерлікке жалпы 9366 қоңырау түскен.
Еске сала өтсек, 2018 жылдан бастап қалалық әкімдікте байланыс орталығы жұмыс жасауда. Оның құрамына «WhatsApp» мессенджері, инстаграм, фейсбук, диспетчерлік қызмет және call-орталығы біріктірілген.
Байланыс нөмірлері: «WhatsApp» +7 777 885 85 13
Сall-орталық: 545-545
Диспетчерлік қызмет: 53-00-15; 53-98-61 (тәулік бойы)
«Инстаграм» парақша — @akimat.shymkent