«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ 10 250 999 999 теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Электрондық аукцион www.gosreestr.kz алаңында өткен. Оған қатысушылардан 72,15 млн теңге кепілдік жарна талап етілген.
Жоғары оқу орны көлік-коммуникация кешені, оның ішінде теміржол (қалалық электр көлігі мен метрополитен) және автомобиль көлігі, ақпараттық технологиялар, қаржы-экономика салалары үшін маман даярлайды. Сатып алу-сату шартына сәйкес компанияның жаңа қожайыны оның жұмыс бағытын, активті сатып алған уақыттан бастап 5 жыл ішінде академиялық мамандардың санын сақтауы тиіс.
Еске сала кетсек, «Самұрық-Қазына» АҚ Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 215 активті бәсекелестік ортаға шығарады.