Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Губернатор Кемероводағы жойқын өрттің неден шыққанын айтты
    Жаңалықтар

    Губернатор Кемероводағы жойқын өрттің неден шыққанын айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кемерово облысының губернаторы Аман Тулеев Ресей президенті Владимир Путинге айтқандай, Кемероводағы өртке ертеңгілікте болған отшашу себеп болуы мүмкін.

    Путин Кемерово қаласында өрттің салдарын жою бойынша жиналыс өткізді.

    «Өзім кездескен адамдардың айтуынша, ертеңгілікте отшашу болған. Бастапқы деректер бойынша, куәгерлер осылай депті. Бәрі содан басталған екен. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер: есіктер жабық, қосалқы есіктер де жабық, желдеткіш бар қуатымен жұмыс істеп тұр, ал түтін шығатын жер жоқ», — деді Тулеев жиналыс кезінде, деп жазады Кремльдің ресми сайты.

    Өңір басшысы атап өткендей, «Адам қайғысын пайдаланып, оппозициялық күштер көтеріліп отыр: үй-үйлерге, жақын орналасқан кәсіпорындар мен жеке секторға барып жүр».

    «Қазір 200-дей адам жиналды. Бұлар тіпті қаза тапқандардың туысы да емес. Олармен сөйлесіп, түсіндіріп жатырмыз: «Бұлай болмайды, қайғыдан қан жұтып отырғанда, өз мүддеңді ойлап, проблемаңды шешуге тырысу дұрыс емес» дейміз(…) Менің мақсатым —  біреудің қайғысын пайдаланып, өздерінің түсініксіз бір ойларын іске асырғысы келетіндерге жол бермеу», — деп жалғастырды Тулеев.

    Оның сөзіне сүйенсек, әр отбасыға материалдық көмек көрсетілді.

    «18 жасқа дейінгі балалары аман қалғандарға біз өзіміз көмектесеміз. Мен өзім әрбір отбасыны қабылдаймын. Бәрімен бірдей кездесемін. Қазір қарыздар мен несиелер бойынша мәселелер шешіліп жатыр. Бұл олар көтеріп отырған, тұрмыстық проблемалар», — дейді губернатор.

    Жексенбі күні Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт шықты. Соңғы деректерге сүйенсек, өрт салдарынан 64 адам ажал құшқан. Қайғылы оқиғаға байланысты 28 наурыз жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

    Дереккөз: sputniknews.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.