Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ел ішінде қоныс аударатын бойдақ қыз-жігіттерге мемлекет қолдау көрсетеді
    Жаңалықтар

    Ел ішінде қоныс аударатын бойдақ қыз-жігіттерге мемлекет қолдау көрсетеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы аясында енді тек отбасыларға ғана емес, некеде тұрмаған азаматтарға да мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл мәселе халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері туралы заң жобасында көрініс тауып отыр, деп хабарлайды sputniknews.kz.

    Айта кетсек, демография болжамына қарағанда 2050 жылға қарай еліміздің оңтүстік өңірлерінде халық саны шамаман 5,3 миллион адамға көбейіп, жұмыссыздық мәселесі күрделене түсуі мүмкін. Керісінше солтүстік өңірлерде тұрғындар саны 900 мыңға кеміп, жұмыс күшінің жетіспеушілігі үлкен проблемаға айналуы ықтимал. Осындай демографиялық теңгерімсіздікті реттеу мақсатында мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес үкімет екі жылдан бері артық жұмыс күші бар өңірлердің еңбеккерлерін жұмыс күші жетіспейтін облыстарға қоныстандыру бағдарламасын іске асыруда.

    Былтыр қоныс аударушылар саны 2016 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 3800 отбасыға жеткен. Ал биыл көш қарқыны одан әрі үдеп, тиісті квота бойынша қоныс аударушылар саны 9 мың адамға дейін көбейтілмекші.

    «Қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерін ғана емес, енді қоныс аударушылардың жеке басын, оның ішінде некеде тұрмаған азаматтарды да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтып, өңірлік квотаға енгізу қарастырылуда», — деді бүгін сенаттың отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова.

    Бұдан бөлек, заң жобасында оралман статусын ұзартуға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

    «Халықтың көші-қоны туралы қолданыстағы заңға сәйкес оралман статусы оны алғаннан кейін бір жыл өткен соң тоқтатылады. Бүгінде этникалық репатрианттар, бұрынғы оралмандар түрлі себептерге байланысты дер кезінде ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен ала алмаған және бүгінгі таңда жедел алу мүмкіндігінен айырылған. Сол себептен депутаттар тарпынан Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ғана оралман статусын үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға мүмкіндік жасау туралы ұсыныс берілді», — деді министр.

    Сонымен бірге, Қазақстан аумағында тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақтар оралман статусының мерзімі біткен соң оны қайта ұзартуға алты ай ішінде өтініш білдіре алады.

    Бүгін сенат депутаттары «Халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.