Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында «Айғақ» арнасының алғашқы жобасы жүзеге асуда
    Жаңалықтар

    Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында «Айғақ» арнасының алғашқы жобасы жүзеге асуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.03.2018Updated:30.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы өтетіндігі туралы былтыр Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Елбасы өз сөзінде «Достық қарым-қатынастың маңызды факторы біздердің үзіліп қалған мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз екендігімен келісемін. Біз 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылын өткізуге уағдаластық. Күн тәртібінде Өзбекстандағы Қазақстан жылын өткізу де бар. Аталған шара аясында түрлі іс-шаралар өткізілген болады. Олар бауырлас халықтарды одан әрі жақындастыра түседі», — деп мәлімдеді. Ал ағымдағы жылдың  15 науырызы күні Астанада Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылу рәсімі өтті.

    Оңтүстік Қазақстан Өзбекстан Республикасымен іргелес жатқан  облыстардың бірі болғандықтан бүгінде көрші елмен қарым-қатынасты арттыру мақсатында ең әуелі көлік мәселесі қолға алынған болатын. Яғни, екі ел арасында халықтың емін-еркін қарым-қатынасын жақсарту мақсатында автобустар қатынады.

    Ал өткен аптада Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған халықаралық велошеру өтті. Ташкент-Шымкент велошеруінің қатысушылары Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі ғимаратынан бастау алып, 130 км қашықтықты велосипедпен жүріп өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ғимаратының алдында өз мәресіне жеткен еді.

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2018/03/гулжан.mp4

     

    Ал бүгін бір топ делегация мен «Айғақ» телеаранасының түсірілім тобы Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласына барды. Онда ең алдымен қылқалам шебері, кескіндемеші, КСРО халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі Орал Таңсықбаевтың Ташкенттегі музей-үйінде болды.

     

    img-20180330-wa0022

    Мұражайдың бірінші қабатындағы үлкен бөлмеге біраз картиналар жыл­на­ма­лық рет бойынша ілініпті. Ол жерден суретшінің 1935 жылдан бастап, 1973 жылға дейінгі аралықта жазған туындыларынан іріктеліп алынған картиналарын көруге болады. Сондай-ақ, бұл бөлмеге оның мольберті, үстелі, әлемдегі әртүрлі елдердің мұражайларына өтіп кеткен әйгілі туындыларының репродукциялары, мемлекеттік наградалары мен басқа да құжаттары қойылған.
    img-20180330-wa0023

    Ал үйдің екінші қабатында – суретшінің ша­ғын кабинеті мен жатын бөлмесі орналасқан.

    img-20180330-wa0019

    Облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш бастаған делегация құрамында, Ұлытау музейінің меңгерушісі Баян Шайгозиева, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қазығұрт тынысы» газетінің бас редакторы Райымбек Айтубай және тағы басқалар бар.

    Мұнан соң делегация мүшелері Uz Secure Expo 2018 халықаралық көрмесін аралап, түсірілім жасауды жоспарлап отыр.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.