Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сағынтаев Қызылорда облысын МЖӘ жобалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары үшін мақтады
    Жаңалықтар

    Сағынтаев Қызылорда облысын МЖӘ жобалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары үшін мақтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа есеп берді, деп хабарлайды bnews.kz.

    Жобалар денсаулық сақтау, білім беру, көлік және автожолдар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және басқа да салаларда жүзеге асуда. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен аймақ активі және кәсіпкерлерінің кездесуінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.

    «Мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында Қызылорда облысы бойынша құны 29 млрд теңге 66 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 10 жоба бойынша МЖӘ келісім-шарты жасалды», — деп хабарлады облыс әкімі.

    Айта кету керек, өңірде кәсіпкерлер салған 400-ге жуық балабақша бар.

    «Облыс бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған 394 жеке меншік балабақша жұмыс істейді. 2015 жылы біз 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100%  қамтамасыз етіп, елімізде алғашқы болып «Балапан» бағдарламасын жүзеге асырдық. Қазіргі кезде аймақтағы балабақшалардың 71% мемлекеттік-жекешілік әріптестік негізінде жұмыс жасауда. Соңғы 5 жылда олардың саны 2 есеге өсті. Осылайша, біз бюджетті босатып, қаражатты басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағыттап келеміз», — деді Қырымбек Көшербаев.

    Өз кезегінде, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысы алғашқылардың бірі болып мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жобаларды жүзеге асыруды бастағанын және аймақтың тәжірибесі өте табысты болғанын атап өтті.

    Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қызылорда облысына іс-сапармен Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация келді. Құрамында ҚР Премьер-министрінің кеңсе басшысы, Инвестициялар және даму министрі, Ұлттық экономика министрі, Ақпарат және коммуникациялар министрі, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компания және даму институттарының басшылары бар.

    Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев және делегация өкілдері облыс активі және кәсіпкерлері, сонымен бірге әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. «Қараөзек» газкомпрессорлы стансасында болып, Арал ауданындағы «Аралтұз» АҚ және балық өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты. Осында қоғам өкілдерімен кездесу өтіп, Солтүстік Арал жобасын іске асыру, суармалы жерлер және ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында шағын несие беруге байланысты сауалдарды талқылады. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласы және ғарыш кешенінің жұмысымен танысты.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, аймақтағы бизнесті дамыту мәселесін талқылады. Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің бизнесті дамытуға не кедергі келтіретінін, шешімін табудың қандай жолдары бар екенін және қалай көмектесуге болатынын білуі қажет екенін айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.