Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сот орындаушылар арасында жемқорлар көбейіп барады – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
    Жаңалықтар

    Сот орындаушылар арасында жемқорлар көбейіп барады – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.03.2018Updated:30.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласының Әділет департаментінде «Астана – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде көшпелі кеңес өткізді. Жиында Агенттік төрағасының көмекшісі Хәкім Құшқалиев сот орындаушылар арасында жемқорлар көбейіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

    «Бүгінгі кездесуімізге Әділет департаменті қызметкерлеріне, соның ішінде сот орындаушыларына қатысты қылмыстық істердің қозғалуы себеп болды. Екі жылдың ішінде республика бойынша 40 әділет қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың жартысы — сот орындаушылар. Астанада соңғы екі жылда ұсталған 10 адамның төртеуі — сот орындаушылар», — дейді Хәкім Құшқалиев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау» тақырыбындағы жиында.

    Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Әділет Департаменті басшысының орынбасары Рамазанов және Басқарма басшысы Дәулетбаевты «Астана қалалық жарық» ЖШС-тің атқару ісін тоқтату үшін пара алған кезінде ұстап, қылмыстық іс қозғады.

    «Біз өз Агенттігіміздің атынан бұдан әрі қарай жемқорлық қылмыстарды болдырмау мақсатында өз ұсыныстарымызды жеткіздік. Мысалы, Сот орындаушыларының өзінің мамандандырылған заңы бар («Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» заң – авт). Бірақ, сол заңға бірнеше жаңа ереже, жаңа ұсыныс енгізу тиіс деп санаймыз. Мысалы, заңда «сот орындаушы құқылы» деген тіркес жиі кездеседі. Бірақ, заңда оларға бұндай өкілеттіктер берілмеу керек. Заңда «сот орындаушы осыны істеу керек немесе істеуге міндетті» деп нақтыланып жазылу керек. Сот орындаушыға «сен былай істе, не басқаша жаса» деп таңдау құқығын бермеу керек. Бұл дұрыс емес. Екіншіден, заңда мерзім жағын қарастыру қажет. Сот орындаушылардың көбі сот тарапынан шыққан шешімдерді уақытында орындамайды. Сот үкімдері шыққанымен көбі орындалмай жатыр. Оның бір себебі — осы заңда да тағы бір шикіліктің кездесуінен. Сот орындаушыға екі ай мерзім берілгенімен, заңның келесі нормасында «сот орындаушы мен талап-арыз берген азаматтың арасында жазбаша шартқа қол қойылып, сот орындаушы өзі мерзімін бекітеді» делінген. Әрине, сот орындаушы бір айда шеше ме, алты айда шеше ме, ақшасын созып жүре беруі мүмкін. Біз бұл әділдікке қайшы келетін ереже деп санаймыз», — деді Құшқалиев.

    Сондай-ақ, маманның айтуынша, Қазақстанда қылмыстық заңнаманың репрессивтілігін төмендету бойынша шаралар қабылданған.

    «Егер азаматтың отбасы, тұрғылықты тұратын жері, балалары болса, және ол өз кінәсін мойындап тұрса, неге біз оны тергеу абақтысына қамауымыз керек? Біз осылайша елімізде түрмеде отырғандар санын жасанды түрде ұлғайтамыз. Бұл біз бен сіздің салығыңыз. Қазір біз отырғызамыз, бірақ бұрынғыдай бәрін емес. Биылдан бастап Қазақстанда сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталғандар қамалмайды. Оларға қатысты негізінен қамаумен байланыссыз бұлтартпау шаралары қолданылады», — деді Агенттік өкілі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.