Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті
    Жаңалықтар

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жиында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруға бағытталған 2015-2017 жылдардағы іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарындағы жемқорлыққа қарсы әрекет бағытында қабылданып жатқан шаралар қаралды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова (сурет — 24 kz) Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты күрес жалғаса береді деген сөзіне тоқталды. Мемлекеттік органдардағы үдерістерге, соның ішінде олардың тұрғындармен және бизнес өкілдерімен өзара ықпалдастығына цифрландыру технологияларын енгізу маңызды болып саналады.

    – Жалпы алғанда, қабылданған шаралар «Транспаренси Интернешнлдің» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстанның 9 сатыға көтерілуіне мүмкіндік берді, – деді Мемлекеттік хатшы. Өткен үш жылда әкімшілік кедергілерді айтарлықтай азайтуға, тұрмыстық сипаттағы сыбайлас жемқорлықты бәсеңдетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға қол жеткізілді.

    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік пен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баяндамалары тыңдалды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бағытында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша 63 шара атқарылды, соның ішінде 4 жаңа заң, 20 нормативтік-құқықтық акт әзірленіп, 8 ақпараттық жүйе іске қосылды, сондай-ақ 36 ұйымдастыру іс-шарасы өткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары ескеріле отырып әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бағытында 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілуге ұсынылды.

    Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің жұмысын жандандыру, қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылығы үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ жемқорлық қатерін азайту үшін цифрлық технологияларды енгізу жөнінде тапсырмалар берілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.