Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі өтеді, деп хабарлайды 24.kz ақпарат агенттігі.
Оған еліміз бойынша мың 500-ге жуық делегат қатыспақ. Қатысушылар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салады. Жастар саясатын дамыту жолдары да кеңінен талқыланбақ. «Жас Отан» жастар қанатының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу де жоспарланған. Съезд жұмысы екі күнге жалғасады. Жиын соңы «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласады деп жоспарланып отыр.