Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысына келді
    Жаңалықтар

    Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысына келді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына келді.

    Жұмыс сапары барысында бірқатар өндірістік нысандарға бару жоспарланып отыр, оларды мысалға ала отырып, ҚР Премьер-Министріне өңірде индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы Жер», агроөнеркәсіптік кешенді дамыту секілді мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу қарқыны туралы баяндалады, сондай-ақ Индустрия 4.0 элементтерін енгізу нәтижелері ұсынылады.

    Кестедегі негізгі іс-шаралар — бизнес өкілдерімен, облыстың жұмыс активімен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен және студент жастармен кездесулер болады.

    Атап айтқанда, «Жабай ата» ЖШС және «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын аралау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен АӨК мемлекеттік бағдарламасын және Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелерін талқылайды.

    Облыстық клиникалық аурухананың жаңартылған инфрақұрылымымен танысқаннан кейін өтетін дөңгелек үстелде өңірдің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және саланы қайта реттеу шаралары, МЖӘ және жеке қызметтер секторын дамыту мәселелері егжей-тегжейлі қаралады.

    Шымкенттің ЖОО-лары мен колледждерінің басшылығы мен студенттері, студенттік ұйымдардың көшбасшылары ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студенттердің жатақханада тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жаңа құралдарды талқылайды.

    Сапар соңында облыстың жұмыс активтері мен бизнес өкілдерімен кездесу өтеді. Күн тәртібінде: өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері, оның ішінде инвестициялар тарту, ШОБ дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0, цифрландыру, жұмыс орындарын ашу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу мәселелері.

    Дереккөз: primeminister.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.