Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-дың аудандарында республикалық шаралар ұйымдастырылады
    Жаңалықтар

    ОҚО-дың аудандарында республикалық шаралар ұйымдастырылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.03.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген  республикалық және халықаралық жаңа жобалар жүзеге асырылатын болады.  Атап айтсақ, мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысында  «Ордабасыға оралу: Береке басы – бірлік» тақырыптарында үлкен іс-шара  өткізіледі.  Сондай-ақ,  әр жыл сайын «Туған жерге тағзым: Ордабасы көктемі» атты жастар форумы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, «Ақсу-Жабағылының алауы, Шұбайқызылдың жалауы» қызғалдақ фестивалі, «Қымызмұрындық», «Safari Shardara», «Қауын fest» сынды бұрын – соңды болмаған жаңа бағыттағы шаралар  жоспарлануда.  Бұл туралы Қазығұрт ауданындағы «Наурыз Қазығұрттан басталады» ұлттық мейрамында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

    «Алқызыл қызғалдақтың ең әдемілері Түлкібастағы Ақсу-Жабағылыда және Шұбайқызыл аталатын теңдесі жоқ төбеде өседі. Қызғалдақ – облысымыздың символы, ол «Қызыл кітапқа» енген, яғни айырықша қорғауды қажет етеді. Сондықтан, осы мақсатта жыл сайын сәуір айында «Қызғалдақ фестивалін» өткізуді қолға алғалы отырмыз. Сондай-ақ, өңіріміздегі білім ұяларынан түлеп ұшқан түлектерін жаңа өмірге  Ордабасы тауынан аттандыру дәстүрі қолға алынады.   Елдің рухани сусынын қандыру мақсатында өңірде «Халықаралық өнер фестивалін» өткізу дәстүрге айналады. Оған елімізбен қатар шетелдік өнерпаздар да қатысатын болады. Ұлттық өнерімізді қолдау мақсатында фольклорлық жанр түрлерінен де байқаулар өткізілетін болады. Биылғы жылы «Қымызмұрындық» іс-шарасын Бәйдібек ауданының тау баурайында өткізу жоспарланып отыр», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Өңір басшысының айтуынша, облысымызда ай сайын «Оңтүстіктің дара тұлғалары» тақырыбында елге танымал зиялы қауым, ғалым, қоғам, мемлекет қайраткерлерінің жастарға арналған дәрістері ұйымдастырылады.

    КСРО Суретшілер одағының 12 мүшесі Төлеби ауданы Қасқасудан шыққан.  Осыған орай, Төлеби ауданында халықаралық, республикалық дәрежедегі суретшілер мен мүсіншілердің заманауи өнер биеналлесін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ,  тамыз айында жыл сайын «Қауын fest»  ал, қыркүйек айында «Агро fеst» фестивалін өткізу де жыл сайынғы дәстүрге айналады.

    Бұдан бөлек, облыстың туристік әлеуетін дамыту мақсатында қазан айында жыл сайын «Safari Shardara» шарасы басталады.  Қызылқұм өңірінде, Сырдария өзенінің бойында, Шардара теңізінің жағалауларында сейіл-серуен, сафари, су жарыстары, күзгі джаз, гитара фестивальдарінің  ұйымдастырып, өлкемізді Қазақстанның тұрғындары мен шетелдіктерге таныстыру көзделіп отыр.

    Басқа шаралармен қатар Сарыағаш ауданында жыл сайын «Open Saryagash» атты халықаралық, республикалық деңгейлерде гольф жарыстары өткізіледі.

    Оңтүстікте қысқы спорт түрлерінен жарыстар өткізуге де қолайлы орындар  жеткілікті. Соның қатарында Төлеби ауданында  «Қасқасуға қар түсті», «Қасқасу қысы», «Қасқасу мен Біркөлік арасындағы шаңғы шаттығы» байқауы, «Тау самалы – жан самалы»  іс-шараларын өткізу жоспарлануда.  Бұл іс-шараларда шаңғымен сырғанаудан сайыстар, жаппай сырғанау, «Тау самалындағы» аспалы жолмен саяхаттау, түрлі ойындар мен жарыстар өткізілетін болады.

    Ал, қыс айларында облысымызда «Салбурын – саятшылық мерекесі»  мен «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты іс-шаралар ұйымдастырылады. Оның мақсаты – жас ұрпақ бойына бабалар салтын сіңіріп, саятшылықты, ұлттық спорт түрлерін насихаттау. Осы іс-шаралар аясында бүркіт салу, тазы жүгірту, құсбегіліктен сайыстар өткізіледі. Бұл шараларды халықаралық деңгейге көтеріп, әр жыл сайын шетелдік туристер арнайы келіп тамашалайтындай дәрежеге жеткізу көзделіп отыр.

    Еліміздің рухани астанасы – Түркістан қаласы мен киелі Отырар ауданында «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» іс-шарасын өткізу жоспарда бар.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.