Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тұрғын үй көмегін кімдер ала алады?
    Жаңалықтар

    Тұрғын үй көмегін кімдер ала алады?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    ҚР Әділет министрлігінің сайтында қай жағдайларда азаматтарға әкімдік тұрғын үй көмегін берілетіні көрсетілген. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды жалдайтын отбасыларға тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдайтын отбасыларға коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына қосымша тұрғын үй көмегі беріледі. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге көмек берілетіні айтылады.
    Тұрғын үй көмегін алғысы келген отбасының жиынтық табысы қандай болуы қажет?
    Отбасының жиынтық табысы ҚР Әділет министрлігінің Жиынтық табысты есептеудiң тәртiбi туралы Нұсқаманы бекiту туралы ережесіне сәйкес саналады. Министрліктің мәліметінше, отбасының жиынтық табысына ҚР-да және одан тыс жерлерде тапқан табыс түрі енеді. Мысалы, еңбекақы түрiнде алынатын табыс; кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табыс; мүлiктей табыс; мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақылар, шәкiртақылар, жәрдемақылар, өтемақылар және әлеуметтiк қолдаудың басқа да түрлерi.
    Қандай құжаттар керек?
    Тұрғын үй көмегін алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куәлік, мекенжай анықтамасы, коммуналдық қызметтер бойынша келген түбіртек пен жұмыс орнынан анықтаманы көрсету керек. Сондай-ақ, жұмыс орнына берілген анықтамада ұйымның атауы және жалақы мөлшері міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Мұнымен қоса, сол отбасымен бірге тұратын және сол үйде тіркелген отбасы мүшелерінің табысы жайлы мәлімет көрсетілуі тиіс (жұмыссыз болған жағдайда, зейнеткер, мүгедек, студент, ажырасқан немесе балалары бар болған жағдайларда сәйкес анықтама мен алатын көмек мөлшерін көрсетуі тиіс).
    281513d47432f278ec46a8d9403e82af
    Тұрғын үй көмегі қалай төленеді?
    Тұрғын үй көмегі ай сайын (әр айдың соңында) екінші деңгейлі банктерде немесе «Қазпошта» АҚ арқылы беріледі. Сондай-ақ, тұрғын үй көмегін алатын отбасының құжаттары тоқсан сайын жаңартылып тұруы тиіс. Мысалы, тұрғын үй көмегі қалай төленетінін есептееп көрей. Бір отбасында төрт адам тіркелді дейік: әкесі (жалақысы — 150 мың теңге), анасы (декретте), екі бала (біреуі — 1 жаста, екіншісі — 10 жаста). Пәтердің аумағы — 75 шаршы метр. Бір адамға 18 шаршы метр белгіленсе, төрт адамға 72 шаршы метр шығып тұр. Отбасы табысының 10 пайызы — 15 000 теңге. Осылайша, бұл отбасыға ай сайын тұрғын үй көмегі ретінде шамамен 17 630 теңге (32 630 теңге — 15 000 теңге) төленеді.
    kaz.tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.