55 мыңға жуық халқы бар Отырар ауданының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнінде Шәуілдір ауылындағы орталық алаңда басқосты. Тіршілік атауының тірлік танытар бұл меркесінде көптен көріспеген ағайындар құшақ жайып, төс қағыстырып мәз-мейрам. Қыс өтіп, көктем жетіп, шаруаның кенелген, Наурыз тойы ежелден келе жатқан халық үшін бұл мерекенің орны өзге. Қасиеті бір төбе Арыстанбабтың мекені, әлем мойындаған ғалым Әл-Фараби, әуенімен танылған Шәмші Қалдаяқовтай таланттардың туған жерінде киіз үй тігіліп, қазанында көжесі қайнап жатты.