Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазығұрттың басында кеме қалған, Әз-Наурыз дәл сол жерден бастау алған!
    Жаңалықтар

    Қазығұрттың басында кеме қалған, Әз-Наурыз дәл сол жерден бастау алған!

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.03.2018Комментариев нет5 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    09

    Өткен жылы рухани мекен Түркістанның төрінде тойланған Наурыз мерекесі биыл киелі Қазығұрт тауынан бастау алды. Жаратылыстың өз заңымен үйлескен нағыз табиғи мереке – бүкіл тіршілік атаулының жанданатын, жаңарып түлейтін кезеңі. Бұл мереке ырыс пен ынтымақтың  береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі, ол әрбір Қазақстандық үшін қымбат Түбі бір түркі жұртының ұлық мейрамынының дәл осы мекенде өткізілуі тегіннен тегін емес. Себебі ежелгі шежірелік деректерде Наурыз мерекесі 127 ғасырдан бері қазақ елінде Қазығұрт тауына Нұһ пайғамбардың кемесі келіп тоқтаған күннен бастап тойланып келе жатқаны айтылады.

    5

    dji_0038-mov-still001

    Тарих қойнауына енгелі отырған бұл күнде Қазығұрт тауының баурайындағы қасиетті шыңдағы Кемеқалған  нысанының қазығы қағылды.  Қазығұрттың биігінде орнатылатын кеменің ұзындығы 137 метр, ені 30, ал биктігі 15 метр өзі үш қабаттан тұратын болады. Ал алдағы уақытта сол Кемеқалған нысанына апаратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымды канат жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілетін болады. Ал ұлттық спорттар үшін 20 гектар аумақта атшабар құрылысы жүргізілмек.

    12

    dji_0055-mov-still001

    Еңбек пен достықтың, бірлік пен татулықтың мерекесі саналатын игі шарада өңір басшысы елді ауызбіршілікке шақыратын Үндеуін жариялады. Бұл жөнінде сәлден соң облыс әкімінің өзі айтып беретін болады. Ал, айтулы мерекені тойлауға таңертеңнен бастап жиылған көпшіліктің  қарасы қалың.

    2

    dji_0126-mov-still001

    Наурыз – «Жаңа ұғым» деген мағынаны білдіретін парсы сөзі. Қардың еріп, көктің шыға бастайтын бұл кезеңін жұртшылық қуана қарсы алады. Мал төлдеп, шаруаның арқасы кеңіп, бала-шағаның, жалпы үлкен мен кішінің ауызы аққа тиіп, бәрі зор қуанышқа ие болады. Сондықтан да бұл күн «Ұлыстың Ұлы күні» деп аталған.  Осы орайда жиналған көпшілік  Әз Наурыз мерекесінің құндылықтарын дәріптейтін  театрландырылған қойылымдармен бастау алған концерттік бағдарламаларды тамашалады.

    11

    «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында  «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деп айтқан сөзі бар.  Ал, ұлттық код деген қайда десек, оның қайнар көзі –  әз Наурызда. Ұлыстың ұлы күнінде қазақ мәдениеті мен руханиятының бар інжу-маржаны жарыққа шығады.  Наурызда дәстүрлі ән шырқалып, күй шертіледі, терме төгіліп, ақындар айтысады.  Ең бастысы, Наурызда дәстүр бойынша жастар үлкендермен көріседі. Өкпе-наз, реніштердің бәрі ұмытылады. Яғни, Наурыз – ынтымақ пен бірлік, үлкенге құрмет, мейірім мен кешірімділік секілді ізгі қасиеттер дәріптелетін мереке», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    6

    Жансейіт Қансейітұлы  өзінің мерекелік құттықтауынан соң облыс  көлемінде қайырымды ісімен танылып, бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жеке қаржысы есебінен ат салысып жүрген кәсіпкер азаматтарға арнайы төсбелгіні табыс етті.

    10

    Оңтүстік жұртының алдында облыс басшысы рухани жаңғыру аясында жыл он екі айда атқарылатын тірліктерді атап берді. Әр ауданның араласуымен жүзеге асатын жалпы жиынның уақтысы да белгілі. Тәрбиелік мәні зор бастаманы барша қауым бірлесе атқарсақ маңызды міндетте үлесіміз ұлғая түспек.

    1

    Наурызда туған -туыс, дос-жаран бас қосып, береке-бірлік, ынтымақ-жарастық тілеседі. Өкпе наздарын кешіреді. Өйткені бұл мейрам ақтың молаятын, күннің ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын кезеңінің бастамасы. Халқымыздың ертеден тойланып келе жатқан бұл мейрамын көпшілік ерекше қуанышпен тойлады. Аңшаңқан үйлер тігілген кішігірім ауыл ортасына қойылған арбат орнынан дәстүрімізді дәріптеген дүниелерге қанық боласың. Ұлттық тағам, салт-жоралғының ізін көрдік.

    06

    dji_0117-mov-still001

    Көктемгі бірлік және өзара түсінушілік мейрамына еңбек  ардагерлері, зейнеткерлер, зиялы қауым өкілдері  арнайы шақыртылған. Олар мерекелік бағдарламаларды тамашалап көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

    7

    Жоғары денгейде ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарламалардан соң келген қонақтар арнайы тігілген киіз үйлерді аралады. Ал мұнда қазақы салт дәстүр жөн жаралғылар бойынша тұсау кесу, бесікке салу рәсімдері өтіп жатты.

    13

    Франциядан келген Джордж халық арасында қарым-қатынасты қадағалап жүр. Әдетте, өзге ортада адамның мінез-құлқымен барша қауым туралы пікір қалыптастырамыз. Бұл тұста шетелдік мейманымыз қазақтың қасиетті мекендері туралы көптен білетіні бар екен.  «Айғақ» арнасына ағынан ақтарылды. Сондықтан да Наурыз мерекесін Оңтүстік тұрғындарымен қарсы алуды жөн көріпті.

    4

    Бұл күні айтулы шараға арнайы келген мәртебелі меймандар және зиялы қауым өкілдерімен  бірге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев  түрлі мекемелер  сондай-ақ  әрбір аудан қалалар атынан бой тіктеген киіз үйлерді аралап Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурызға арналған дастарханнан дәм татты.  Самарқанның  көк тасы еріп, тіршілік атаулыға жылулық әкелетін молшылық мейрамында құттықтау тілектері де айтылып жатты.dsc_0032

    dji_0119-mov-still001

     

    Ұлыстың ұлы күнінде сайран құрып, сауық көру мақсат емес. Киелі тау баурайында рухани жаңғыру ұштасқан игілікті шараның түпкілікті мағынасын Оңтүстік жұртына айқындау беру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдаулары мен мақалаларында халықтың татулығы береке бірлігінің әрдайым үстем болу керектігін баса назарға алады. Ол үшін ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып, өткенімізді түгендеп, ертеңізбе жарқын жол көрсете білуіміз керек. Міне, бүгінгі облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған туристік кешен ел әлеуетіне айтарлықтай үлес қоспақ. Барымызды бағалап, туған жердің потенциалын  арттыруға өзіміз мүдделі болуымыз керек. Тағлымды тәрбиенің болашақ ұрпақ бойына сіңіруіне Сіз бен Біз жауаптымыз. Өзгенің мәселесі екен деп көз жұма отыруға болмайды. Ақсақалдардың баталы сөзінен нәр алып, бәтуәлі біткен байлам жасайтын қазақы қанымызда бар. Ендеше, жанымыз жақсылық жасап жарысайық. Концерттік шаралармен қатар өткен жасы үлкендердің конференция барысында қозғаған тақырыбы баршамызға үлкен ой салды.

    20180321_095250

    dji_0129-mov-still001

    Жиынға төрағалық еткен өңір басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың қылмыс санын халық санына шаққанда 0,3 пайызбен республикада ең соңғы 16 — орында екенін айтып, енді тағы да төмендетуге жұмыс істеу керектігін жеткізді.

    20180321_095340

    «Бүкіл Қазақстанның халқы 18 миллион болса, осынша халық кейбір дамыған мемлекеттердің бір ғана қаласында өмір сүреді. Олар мәдениетті тәп-тәуір, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ал, біз кейде ұланғайыр атырапқа сыймай жатамыз. Олай болмайды. Ынтымақпен, бауырмалдықпен, татулықпен ғұмыр кешуіміз керек. Сонда ғана өркендеген елдерді қуып жетеміз. Бізде де бір ел, бір басшы бар. Ендеше елде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе отырып мемлекеттік бағдарламаларды орындау жолында аянбай еңбек етейік», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

    img-20180321-wa0042

    Қазақ халқының ежелгі үрдісін жандандыру, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау мақсатындағы шараға үлес қосқан ұжымдар да бұл күні ұлттық киім киіп, мерекенің сәнін аша түсті. Жүрекке жылулық беріп, жаныңды жадырата түсетін бұл мезгілдің адамзат баласы үшін рухани құндылығымен ерек.

    Қазығұрт төрінен табылған қауым бұл күні  ұлттық ойындардың жарысына да куә болды. Яғни шара барысында қол күресі, арқан тарту, қазақша күрес сынды спорт түрлерінен балуандар сынға түсіп өзара жүлделі орындарды сарапқа салды. Ал жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

    3

    Тақымын қысып, тұлпарын бәйгеге қосқан шабандоздар киіз үйлер тігілген маңнан шақырымдай жерде жатқан жазықта көкпар ойындарының көркін қыздырды. Ат арылтып аудандардан келген арғымақ иелері бәйгедегі басты жүлдеге таласты. Алғашқы ойынның куәгері болған облыс басшысы Жансейіт Түймебаев салым иесіне жүлделік сияпатын өзі табыстады.

    1

    dji_0038-mov-still001

    Қазығұрт  ауданында  өткен  Наурыз-Думан өзіндік ерекшелігімен тарих қойнауына еніп отыр. Ең бастысы, береке бірлігіміз бен татулығымздан ажырамайық!

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.