Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қарағанды облысының әкімі мерекеге орай нәзікжандыларды құттықтады
    Жаңалықтар

    Қарағанды облысының әкімі мерекеге орай нәзікжандыларды құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.03.2018Updated:21.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    8 наурыз — Халықаралық əйелдер мерекесіне орай жуырда Қарағанды облысының əкімдігінде облыс əкімі Е.Қошановтың салтанатты қабылдауы өтті. Аймақ басшысы салтанатты қабылдауда нәзікжандыларға өзінің ақжарма тілегін арнады.

    img-20180321-wa0043

    Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың салтанатты қабылдауы өтті. Шараға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының, мемлекеттік қызмет ардагер әйелдері, өнеркәсіп және ауылшаруашылық секторларының өкілдері, қорғаныс күш құрылымдарының қызметкерлері, спортшылар мен кәсіпкерлер шақырылды.

    img-20180321-wa0045

    Аймақ басшысы кездесуге қатысушыларды және облыстың барлық әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға бақыт пен зор денсаулық тіледі.

    — Бүгін зал жылылық пен сұлулыққа толы, — деді Ерлан Қошанов құттықтау сөзінде. – Мен сіздерді және облысымыздың барлық әйелдерін келе жатқан мерекемен құттықтағым келіп отыр. Нәзік жандылар іске кіріскенде барлық жұмысына жанын салады, сондықтан ол істің барлығы сәтті болары анық.

    img-20180321-wa0049

    Аймақ басшысы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік марапаттарын табыс етті.

    «Алтын алқа» иелері Алена Николаевна Асанбаева, Нұрсәуле Нұрқайдарқызы Нұртазина және Надежда Викторовна Хицко атанды. «Күміс алқа» Эльмира Рустембекқызы Түлееваға және Назгүл Шолпанқұлқызы Сарсенбаеваға табыс етілді.

    img-20180321-wa0050

    Осы салтанатты қабылдауға Ұлытау ауданының Əйелдердің саяси көшбасшы мектебінен, Ұлытау ауданының Іскер əйелдер қауымдастығының мүшесі,  ауданның қоғамдық мəдени іс-шараларына белсенді араласып, ел-жер тарихын, дəстүрлі іс-шараларды кеңінен насихаттап жүрген «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи қорық мұражайының этнография бөлімінің меңгерушісі Раймова Нұрсұлу Балтабайқызы қатысып, өңірден келген қыз-келіншектерді атаулы мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

    img-20180321-wa0046

    — Барлық әйелдерді мейраммен құттықтаймын. Мен бүгін облысымыздың дамуына үлесін қосып жүрген жандардың арасында болу үлкен мәртебе. Ерлан Жақанұлы, сізге үлкен алғысымды білдіргім келеді, — деп алғысын айтты Нұрсұлу Балтабайқызы.

    Жиынға келген барлық нәзік жандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.