Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»ОҚО-да биыл бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу шаралары 350 мың гектардан астам аумаққа жүргізіледі
    Агро

    ОҚО-да биыл бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу шаралары 350 мың гектардан астам аумаққа жүргізіледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл ОҚО  бойынша үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 350 мың гектардан астам аумақта жүргізіледі. Ал сол межелі аумақтардың 97 пайыздан астамы марокко шегірткесіне қарсы өңделеді. Себебі аталмыш зиянкес  өңірімізде ең көп тараған шегіртке түріне жатқызылады. Айта кету керек химиялық өңдеу жұмыстарының 202 мың гектары жер үсті агрегаттарымен, 40 пайызға жуығы ұшақпен және 6 мың гектарға жуық  алқап аспалы бүріккіштермен өңделеді. Бұл туралы ОҚО аумақтық инспекциясының  басшысы  Нұржан Кашкенов арнайы баспасөз жиынында мәлімдеді.  

    Тиісті жұмыстардың  сапалы жүргізілуін  бақылауға, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 48 инспектор және 18 автокөлік бөлініп отыр екен. Ал өңделетін алқаптың негізгі бөлігі Сарыағаш Арыс, Шардара және Ордабасы   аудандарына тиесілі. Химиялық өңдеу шараларын  алдағы сәуір айынан бастап 20-25  күн ішінде толықтай аяқтау жоспарланған.

    Айта кету керек шегіртке ошақтарын анықтау мақсатында аумақтық инспекция «фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» мекемесімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Сондықтан  аталмыш мекеме филиалынан алдын ала анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жалпы саны  117 маман жұмылдырылған. Сонымен қатар аудан әкімдіктері тарапынан қосымша 277 анықтаушы қарастырылса, бұдан бөлек 50 жұмыс тобы құрылып отыр.

    2016 жылы өңіріміздің бірқатар аудандарын шегіртке зиянкестері жайлап шаруаларды біраз әбігерге салған болатын. Яғни 500 гектарға жуық алқапқа залал келтірген шегірткелер талай диханның егістігін де  шарпып өтті. Сондықтан  биылғы жылы нақ осы жағдайдың қайталанбауы үшін аумақтық инспекция  барлық қам қарекеттерге ертерек кірісіп, сапалы жұмыс атқаруға басымдық беріп отыр.

    Абай ОМАР

    Фото: ontustik.gov.kz.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.