Ержан Белесов пен Ғани Ағатаев бүгінгі күннің батыры. Олай деуімізге қос кеден қызметкерінің жанып жатқан көлік ішінен адамдарды құтқарып қалуы себеп. Олар жол бойында құлыптанып ашылмай қалған көлікке дереу жетіп, көмек көрсеткен. Басын қатерге тігіп, екі адамның өмірін аман алып қалған бұл азаматтар көліктің терезесін қолымен сындырып, ішіндегі адамдарды сыртқа шығарған. Оқиға 25 қаңтар күні орын алған. Абырой болғанда, екі адам да дін аман. «Нексия» көлігінің жүргізушілері Сарыағаш ауданының тұрғындары екен. Шымкентке жолға шығып, кенеттен көліктен өрт шығады. Алайда, кеден қызметкерлері бұл ерлігі туралы ешкімге тыс жармаған. Тек, әлеуметтік желілерге таралған бейнежазба арқылы Белесов пен Ағатаевтың әріптестері олардың ерлігін марапаттау үшін ресми сұраным жіберіпті. Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кеден қызметкерлерінің ерлігі жайлы хабардар. Оларды марапаттауға да келісім берген.
ЕЛІМІЗ 10 АЙДА 48,4 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА ТАУАРЫН САТЫП АЛДЫ
Қазақстан электр энергетикасы тауарларын сатып алуда 42,6 пайыз импортқа тәуелді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мәлім етті. — Біздің...