Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жастағы балаға зорлық-зомбылық жасалды деген күмәнді ойдан кейін Білім және ғылым министрлігі аймақтың барлық мектебін жіті тексермек.
Бұл туралы сала басшысы Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Оның айтуынша, тексерулер тергеу аяқталған соң басталады. Сондай-ақ ведомство қоғамдық ұйымдармен кездесу ұйымдастырып, бала құқығын қорғау мәселесін талқылайды.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
– Қазір прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз. Сағат сайын шығып, сұхбат беру деген керек емес. Баланың ең алдымен жағдайын ойлау керек. Прокуратура мен Ішкі істер министрлігі жұмыстарын бітірсін. Сосын өзіміздің жұмыстарымызды бастаймыз.
Дереккөз: 24.kz