Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда Татуласу орталығы ашылады
    Жаңалықтар

    Қазақстанда Татуласу орталығы ашылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Астанада ҚР Жоғарғы соты және ҚР Кәсіподақтар федерациясы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Құжатқа ҚР Жоғарғы соты Төрағасы Жақып Асанов және ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым қол қойды.

    Тараптар аталған меморандумды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғырту қажет екендігіне сүйене отырып, қоғамдағы шиеленісушіліктің алдын-алу мақсатында даулар мен жанжалдарды соттан тыс тәртіпте шешу мәселелері бойынша бекітті.

    «ҚР Жоғарғы соты арқылы енгізілген Татуласу орталықтарын құру жобасы шын мәнінде революцияшыл және мазмұны бойынша инновациялық жоба ретінде Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына ауқымды үлес қосады. Татуласу орталығын құру сот және құқық қорғау органдарына жүгінбей-ақ даулы мәселелерді шешуге шақыратын азаматтық қоғамның өзара әрекетінің жаңа пәлсапасын құрайды. Бұл дәстүр қазақ халқының тарихынан бастау алады және қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады» — дейді келісімге келген тараптар.

    Меморандум ҚР Кәсіподақтар федерациясының аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің базасында Татуласу орталығын ашуды қарастырады. Татуласу орталығы келісу үрдістері арқылы еңбек және басқа даулар мен жанжалдарды шешу үшін халықтың мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталған.

    Тараптар келісу үрдістері, татуласу орталығында қызмет көрсететін мамандарды оқыту және қызмет сапасын жақсарту арқылы дауларды реттеу туралы заңнаманы дамыту және өзара байланыс жасау мәселелері бойынша әріптестікке келісті.

    Орталықтарды құру – Жоғарғы соттың қажетті бастамасы, себебі, ол дүниежүзілік даулар медиациясының тәжірибесіне негізделген қоғамдық қатынастар саласында жаңа институтты қалыптастырады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.