Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандық боксшылар Польшадағы халықаралық турнирде төрт алтын медаль алды
    Жаңалықтар

    Қазақстандық боксшылар Польшадағы халықаралық турнирде төрт алтын медаль алды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Қазақ боксшылары Польшадағы халықаралық турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz.
    Порталдың хабарлауынша, Польша астанасы Варшавада бокстан Феликс Штамм атындағы халықаралық турнир аяқталды. Биыл бұл жарыс 35-ші рет ұйымдастырылды. Варшавадағы бокс бәсекесіне Қазақстаннан 10 боксшы қатысты. Оның жетеуі жүлделі орыннан көрінді. Төрт алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Алты бірдей боксшымыз финалда жұдырықтасты.
    Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Ілияс Сүлейменов (56 келі) иорданиялық боксшы Алуади Мұхамедті айқын жеңіп, алтын медальды еншіледі. Одан кейін 64 келіге дейінгі салмақта Бекдәулет Ибрагимов поляк боксшысы Дамин Дюркачты ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов топ жарды.
    Ол финалда ресейлік боксшы Сергей Собылинскийді жеңіп шықты. Сондай-ақ, ауыр салмақтағы (91 келі) боксшымыз Антон Пинчук алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте түрікмен Арсланбек Ачиловтан айласын асырды. Өкінішке қарай, финалда құрама капитаны, екі бірдей Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ресейлік боксшы Георгий Гушиташвилиге жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
    75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Абай Төлеш те күміс медальды қанағат тұтты. Ол да финалда ресейлік боксшы Глеб Бакшимен жұдырықтасып, есе жіберді. Қоржынға түскен бір қола медальды аса ауыр салмақтағы боксшымыз Айболды Дәуренұлы иеленді. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Азамат Исақұлов (52 келі) пен Берік Әбдірахманов (60 келі) жүлделі орыннан көріне алмады.
    Айта кетейік, қазақ боксшылары 8-12 наурыз аралығында Финляндия елінің астанасы Хельсенкидегі халықаралық турнирге қатысты. Онда отандастарымыз бес алтын, бір күміс медаль жеңіп алған болатын. Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы – тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары.
    Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар осы додада ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов айта кеткендей, Азия ойындарына қатысатын боксшылар шілде айында белгілі болады.
    Дереккөз:  Kaz.tengrinews.kz
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.