Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Биыл наурыз мерекесі — Қазығұрттан басталады
    Жаңалықтар

    Биыл наурыз мерекесі — Қазығұрттан басталады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.03.2018Updated:17.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Былтыр Түркістанның төрінде өткен мереке — әз-Наурыз, биыл киелі Қазығұртта тойланады.  Нұх пайғамбардың кемесі қалған қасиетті де киелі мекенде отыз күн ойын, қырық күн тойын болмақшы.  Яғни, иісі мұсылман қауымның айтулы мейрамы  21-наурызда,  Атбұлақ ауылының аумағында аталып өтіледі.  Ал, қазақтың төл мейрамын тойлауға бюджеттен 34 млн қаржы бөлінбек. Оның жұмсалу тәртібін мерекелік іс-шаралар жоспары жөнінде бюджеттік бағдарлама жетекшісі Асылхан Темірхан арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    7

    9

    Айтуларынша, бұл жоба «Ғасырлар сыры…Нұх Пайғамбардың кемесінің тоқтаған жері — тіршіліктің бастауы» ұғымымен астасады. Және қазіргі уақытта мәдени шаралардың жоспары да бекітіліп қойған. Бірақ, бұл жолғы тойдың ауқымы анағұрлым кең. Қазығұрт тауының баурайындағы мәдени бастамаға өзге емес, тек жергілікті яғни 1000-нан астам өнерпаздар мен мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер жұмылдырылады. Сондай-ақ, аңыз-қойылымдар үшін театр әртістерімен қатар, 300-ге жуық жылқы, 20 түйе қарастырылып отыр. 8 арба тартылады. Дәл осы көрініс-бейне тойдың көпшілікке ұсынатын негізгі кәде-тартуы болмақ.Наурыз – жаңа дәурен мен жақсылықты айшықтайтын, әрі өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын, Табиғат-ананың оянып, тіршілік атаулының түлейтін кезеңі. Осы орайда биыл Оңтүстік тұрғындары Наурызды ерекше тойламақ. Яғни, Шымкентте өтетін Әз-Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың бағдарламасы жарияланды. 19-21 наурыз аралығында облыстағы барлық қала, аудандарда «Жыл арқауы — жыл басы Наурыз», «Қош келдің, әз – Наурыз!», «100 кітап» сынды сурет көрмелері мен жас ақындар айтыстары өтеді.

    1

    2

    5

    Сондай-ақ Наурыз мерекесі аясында алғашқы рет «Ашық аспан» әуе шарларының Халықаралық фестивалі өтеді. Шара барысында Қазақстан, Украина, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Грузия, Өзбекстан елдерінің әуе шарларын ұшыру жоспарлануда. Ал, қызғушы қала тұрғындарына 50-100 м биіктікте ақылы түрде ұшуға мүмкіндік туып отыр.

    57

    78

    Сонымен қатар, Шымкент қаласында Қошқар Ата өзенінің бастауында «Қошқар-Ата Сейілі» атты көктем фестивалі ұйымдастырылып, Наурыз мерекесіне орай Зообақтың маусымдық ашылуы болады. Мерекелік шара 22 наурыз күні Шымкент қалсындағы Наурыз алаңында «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік іс-шарасымен жалғасады. Онда жұрт «Наурыз-думан» мерекелік шеруін тамашалайды. «Ташкент-Шымкент бағытында» велошеру өтіп, кіл мықтыны анықтайды. Сонымен, тойлануы 5 күнге ұласатын Ұлық мерекеде Шымкентте барлығы 30 мәдени шаралар ұйымдастырылса, ауыл-аудандарда 100-ден астам мерекелік жобалар жүзеге аспақ. Сондай-ақ, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Ұлттық спорт түрлерінен ойындар көрсетіліп, шара соңы мерекелік отшашумен аяқталады.

    Жансая Елемесова

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.