Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да енгізілген жаңа жүйенің нәтижесінде мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлердің саны 3 есеге артқан
    Жаңалықтар

    ОҚО-да енгізілген жаңа жүйенің нәтижесінде мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлердің саны 3 есеге артқан

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде бос лауазымдарға орналасуға үміткерлердің саны едәуір артты. Бұл  мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесін пилоттық жоба ретінде енгізумен тікелей байланысты.

    Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 есеге артты. Жеті бос орынға орналасу үшін 138 үміткер өтініш білдірген.  Орта есеппен, бір орынға 19 үміткерден келеді. Ал, 2017 жылы бір лауазымға үміткерлер саны 6 есе төмен болатын.

    Ұлт жоспарының 5-6 қадамын іске асыру шеңберінде, жаңа жүйе пилоттық режимде 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлек, Астана қаласы әкімдігінде, Маңғыстау облысы әкімдігінде, Әділет Министрлігінде және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде іске асырылуда.

    Жаңа жүйенің басты ерекшелігі қызметшіге жүктелген міндеттер мен оның нәтижелілігінің ескерілуінде. Яғни, мемлекеттік қызметшінің еңбекақысы екі бөліктен құралып отыр. Ол факторлық-баллдық шкала негізіндегі кепілді лауазымдық жалақы және бонустық төлемдер.

    Факторлық-баллдық шкала еңбекақы әділдігін қамтамасыз ете отырып, аймақтар мен орталықтағы мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының теңгерімсіздігін жойып қана қоймай, сонымен бірге мемлекеттік құрылымдардың тартымдылығы мен имиджін арттырары сөзсіз.

    Мемлекеттік қызмет тартымдылығының артқандығы Оңтүстік өңірде ғана емес, бүкіл республика аумағында байқалады.

    Мұны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Facebook парақшасында растады. Оның айтуынша, жыл басынан бері агенттіктің аумақтық департаменттеріндегі 85 бос лауазымға орналасуға 510 өтінім берілген. Орта есеппен, бір лауазымға 6 үміткерден келеді. Ал, өткен жылдағы барлық үміткерлердің орташа саны бір орынға 2 үміткерден келген. Яғни,  446 бос орынға – 804 өтініш.

    Жаңа жүйе қызметкерлердің бірінші басшымен қарым-қатынас орнатуына емес, компания алдында тұрған нақты мақсаттарға қол жеткізуде бірігуіне септігін тигізетінін айтқан  ОҚО-дағы «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің Бас директоры У.Ахметов компанияға нағыз керек жүйе осы болатынын атап өтті.

    «Біздің компания үшін факторлық-баллдық шкала – жоспарлау, бақылау және қызметкерлерді ынталандыру функцияларын біріктіретін басқару құралдарының ең тиімділерінің бірі болып табылады. Бастапқыда бұл жүйені қолайсыз деп таныған қызметкерлер қазіргі таңда жүйенің артықшылықтарын сезініп, өздерінің еңбекақыларына риза», — деді компания басшысы.

    Дереккөз: ontustik.gov.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.