• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі: Өткен жыл табысты болды

16.03.2018
0

Қазақстандағы Өзбекстанның жылының ашылуы аясында ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

— «Қазақстандағы Өзбекстан жылы» аясында қандай шараларды іске асыру көзделіп отыр?

— Қазақстандағы Өзбекстан жылын өткізу идеясы екі ел басшыларының келіссөздері кезінде туған болатын. Өткен жылы Президенттер бірнеше рет кездесті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға сапары болып, Өзбекстан басшысы Шавкат Миромонович Мирзиеев та екі рет Астанаға келген болатын. Сонымен қатар, мемлекетаралық форумдарда да Мемлекет басшылары бес рет кездескен. Осының нәтижесінде, екі ел арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай тез дамып келеді. Айта кетерлігі, дәл екі мемлекеттің Президенттері бауырлас елдердің арасындағы бастамаларға мұрындық болуда.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы Өзбекстан жылын өткізудің жоспары бекітілгенін атап өткім келеді. Ол тақырыптардың ауқымдылығы соншалық, тіпті біз шаралар легін 2019 жылы да жалғастырғалы отырмыз.

Жалпы, бұл айтулы оқиғаға Қазақстан мен Өзбекстанның барлық министрліктері мен облыс әкімдіктері араласып, шаралар жоспарына өздерінің бастамаларын жолдап жатыр.

Өз тарапымыздан біздің елшілік те «Қазақстандағы Өзбекстан жылы» шараларына өз ұсыныстарымызды бердік. Біз ұсынған пунктерде аймақтар арасындағы ынтымақтастық мәселелері де қарастырылған. Осылайша, Президенттердің қатысуымен аймақтардың форумын өткізіп, білім саласында осы жылдың мамыр айында Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің ЖОО ректорларының форумын ұйымдастыруды көздеудеміз.

Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында біз сонымен қатар, И.Савицкий атындағы өнер музейі коллекциясының көрмесі (Нүкісте, ӨР) мен ӨР өндірісіндегі тауар көрмесін өткізу жоспарлануда.

Спорттық шараларға көпшіліктің қызығушылығын ескере отырып, «Қайрат» пен «Пахтакор» футбол командалары арасында жолдастық кездесу өткізудің маңызы бар деп білеміз.

Киноиндустрия саласы да ұмыт қалмайды. Қазақстандықтар сүйіп тамашалайтын кинолар Өзбекстанда жиі түсіріледі. Осыған байланысты қазақстандық киносүйер қауым үшін Өзбек киноларының күнін өткізу жоспарда бар. Ондай шаралар Таразда, Түркістанда, Шымкент мен Қызылорда қалаларында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бірлескен туристік бағдарлардың болашағы зор. Қазіргі таңда туристік салаға Өзбекстанда баса маңыз берілген. Президент тапсырмасы пен Үкімет қаулысы бойынша туристік саланы дамытуға, визалық тәртіпті жеңілдетуге назар аударылуда.

— Екіжақты қарым-қатынас тұрғысында өткен жылы қандай ауқымды өзгерістер болды?

— Өткен жыл екіжақты қарым-қатынас үшін аса табысты болғанын ерекше атап өткім келеді. Айтып өткенімдей, Қазақстан Президенті мен Өзбекстан басшысы бірнеше рет кездескен болатын. Осы сапарлардың барысында стратегиялық ынтымақтастық тәртібінде аймақаралық ынтымақтастық, Экономикалық ынтымақтастық Стратегиясы туралы Келісімге қол қойылды. Астана мен Ташкентте екі ірі өнеркәсіптік көрме өткізілді. Соның нәтижесінде, құны 1,3 млрд долларлық коммерциялық келісімге қол қойылды.

Парламентаралық ынтымақтастық та белсенді түрде дами түсті. 2017 жылдың қыркүйек айында ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясының Өзбекстанға сапары болып өтті. Желтоқсан айында Астанаға жауапты сапар аясында ӨР парламенттік делегациясы Астанада болды.

Екі елдің арасында әскери-техникалық салада байланыс орнай бастады. Осылайша, екі елдің Президенттерінің шешімі бойынша Елшіліктер жанында әскери атташе институты ашылды. Өткен жылдың тамыз айында ҚР Қорғаныс министрі С.Жасұзақовтың Өзбекстанға сапары аясында қорғаныс ведомстволарының басшылары оңтүстік бағыттағы қауіп мәселесін талқылады.

Осы жылдан бастап Өзбекстанның арнайы күш құрылымдары мен әскери күш құрылымдарының бөлімшелеріне қазақстандық өндірістегі түнгі уақытта көру қабілеті зор құрылғылар жеткізіле бастады.

— Қазақстанда Өзбекстанның сауда-саттық тұрғысында ең ірі үш серіктесінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы бойынша нақты көрсеткіштерді атап өте аласыз ба?

— Статистика бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артық. Осы жыл бойынша біз құны 3 млрд АҚШ доллар болатын сауда-саттық және инвестициялық бағытта келісімдерге қол қойдық. Алдағы үш жылда екі мемлекет бұл соманы 5 млрд АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр. Бірақ, бұл сандар да — шегі емес. Меніңше, мемлекеттердің әлеуетін ескере отырып, бұл көрсеткішке бір жылдың ішінде жетуге болады. Өзбекстанға баратын Қазақстанның экспорты өткен жылы 35,1 пайызға артты.

Өзбекстанның біздің елге импорты да 25,1 пайызға көбейіп, 735,2 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан Өзбекстанға бидай, табиғи газ, ұн, мұнай, кен мен концентраттар, металлопрокат, алюминий жеткізілсе, өз кезегінде Өзбекстаннан Қазақстанға табиға газ, цинк, жеміс-жидек жеткізілді.

— Елшілік өз алдына тағы қандай жоспарларды қойып отыр? Мәселен, бұрын Самарқан секілді қалаларда консулдық ашу жоспарланғанын естіп едік..

— Қазақстанның басқа елдерде консулдық ашуы қажеттіліктен туындайтынын түсіну керек. Бұл мәселелер ҚР СІМ мен ӨР СІМ-нің келісу арқылы жүзеге асады. Сондықтан, біз барлық шығынды есептей келе Қазақстанға бұл қаншалықты қажет деген сұраққа жауап тауып алуымыз керек.

Меніңше, алдағы уақытта Самарқанда консулдық ашылуы керек. Бірақ, Қазақстандағы Өзбекстан жылына қайта орала келе бұл жыл екіжақты қарым-қатынастың дамуына тың серпін беретінін айтқым келеді. Сөзсіз, бұл жыл тек «мәдени» ғана болмайды, барлық салада байланыс орнатудың бастамасы ретінде бола аларына сенімім зор.

Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. 1 қыркүйекте басталған науқан 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Осы кезеңде қаладан 18 бен 27...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Тұрғын үй, цифрландыру, абаттандыру, жылу жүйесін жаңғырту және өндірісті дамыту бағыттарындағы жұмыстардың барысы сараланды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс...

ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ: ШЫМКЕНТТЕ AI-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ: ШЫМКЕНТТЕ AI-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Жаңа форматтағы цифрлық кеңсе азаматтардың электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына және заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік береді. Цифрлық технологиялар қоғам...

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ МҮМКІНДІК: 3 МЫҢНАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ МҮМКІНДІК: 3 МЫҢНАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Еңбек күні қарсаңындағы жәрмеңке жұмыс іздеушілерге нақты мүмкіндік ұсынып, өңірлер арасындағы еңбек мобильділігін арттыруға жол ашты. Еңбек – ел дамуының...

ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Қала әкімінің аппараттық кеңесінде тұрғындар өтініштері, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды Қаланың тұрақты дамуы ең алдымен...

ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Қала әкімінің аппараттық кеңесінде тұрғындар өтініштері, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды Қаланың тұрақты дамуы ең алдымен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.