Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Асанов судьялардың шешім шығарған кезде жіберетін кемшіліктерін атады
    Жаңалықтар

    Асанов судьялардың шешім шығарған кезде жіберетін кемшіліктерін атады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Жоғарғы соттың пленарлық отырысында Соттардың шешімі қандай болуы керек деген мәселе талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz.

    Алғаш рет онлайн режимде өткен пленарлық отырыста Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов соттардың шешімі қандай болуы керек деген мәселеге тоқталды.

    «Бүгінгі отырыста біз ең өзекті мәселелердің бірі болып келген сот шешіміне, соттар қандай шешім шығаруы керек деген мәселені талқылайтын боламыз. Мысалға сот қызметінің түпкі нәтижесі, негізгі өнімі – сот шешімі деп айтуға болады. Сондықтан сот шешімі, оның мазмұны, оның стилистикасы, оның құрлымы, оның тілі қай тілде болуы керек деген мәселенің барлығы қаралады. Себебі көп жағдайда судьялардың шешімін азаматтар түсінбейді. Неге түсінбейді? Өйткені өте ауыр, өте қиын тілде жазылады» — дейді Жақып Асанов.

    Оның айтуына қарағанда, сот шешімінде қаралып жатқан мәселеге қатысы жоқ артық ақпараттар көп. Сот шешімі солармен толып кетеді.

    «Сол арқылы шешімнің көлемін қолдан ұлғайтамыз. Сол себепті де бізге шағымданушылар көп. Әрине қарапайым адам ондай профессиональдық жаргонмен, сондай ауыр тілмен жазған сөздердің барлығын түсінбейді. Содан бізге шағымданады» — дейді Жоғарғы сот төрағасы.

    Ол судьяларды азаматтардан келген шағым-арыздарға мұқият қарауға, сол арыз бойынша жауап беруге шақырды.

    «Мысалы бізге шағым жасаған азаматтар: «Біз өзіміздің арызымызда 1, 2, 3 деп өзіміздің уәждерімізді жазамыз. Бірақ, кейін соттың шешімінде сол әрбір уәжге жеке-жеке жауап жоқ. Жауап табылмайды. Неге?» — деп жазады. Бұл бір, екіншіден – структура деген түсініксіз. Не абзацы жоқ, не интервал жоқ, толған қате. Ал әрбір шешім судьяның атынан емес, Қазақстан республикасының атынан шығарылады ғой. Үшіншіден – майда шрифт. Оқу мүмкін емес, адамның көзі ауырады. Төртіншіден – судья шешімін жазады, шығарады, қабылдайды, сосын жариялайды. Сот залында жариялайды да дереу кетіп қалады. Ешкімге ештеңе түсіндірмейді. Өзіне шыққан шешімді түсінбеген соң азаматтар не дейді? Көбінесе «заңның тілімен шатастырып, бізді алдап соқты» деп өкпелейді. Содан кейін өкпелі адам барлық сатыға өзінің арыздарын жазуды қайта бастайды» — дейді Жақып Асанов.

    Асановтың айтуына қарағанда бұл мәселе жыл басынан бері қаралып жатыр. Оған барлық өңірдегі судьялар қатысқан.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.