Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Өскемен тұрғыны тауып алған куәлікпен 3 банктен несие алған
    Жаңалықтар

    Өскемен тұрғыны тауып алған куәлікпен 3 банктен несие алған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жігіттің жымысқы ойына ең бірінші Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары алданған.

    Өскемендік жігіт өзінен 15 жас үлкен адамның жеке куәлігімен үш бірдей банк қызметкерін сан соқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Оқиға 1988 жылы туған айыпталушының көшеден 1974 жылғы бейтаныс адамның жеке куәлігін тауып алуынан басталады. Құжаттағы адамның суреті өзіне ұқсайтынын аңғарған жігіт тиісті орындарға өткізудің орнына тығып алады.

    Жігіттің жымысқы ойына ең бірінші Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары алданған. Олар құжаттың жалған иесіне зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы еш кедергісіз шығарып беріпті. Қажет құжаттың бәрі қолына түскен соң ол әуелі «Каспий банктен» 3 812 074 теңгенің несиесін оп-оңай рәсімдейді. Банк тарапынан ешқандай күдік тумағанын байқаған жігіт құныға түскен. Осылайша, ол «Еуразия банкінен» 1 487 200 теңге, «Forte bank» АҚ-дан 4 589 329 теңге тағы алады. Банк қызметкерлерін ғана алдап қоймай, бейтаныс адамды 10 млн теңгеден астам несиеге душар етеді.

    «Соттың 2018 жылғы 3 наурыздағы шешіміне сәйкес, күдіктіге Қылмыстық кодекстің 177-бабының 4-тармағы бойынша айып тағылып, 3 жыл, 9 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» — дейді Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, оқиғаның бәрі 2013 жылы болған. Осы уақыт ішінде күдікті іздеуде болған Арада тура 4 жыл өткенде күдіктінің әпкесі банктерге бауырының жасаған әрекеті туралы мәлімдеп, шығындарын қайтара бастаған. Қазіргі таңда үш банктің де шығыны толық өтелді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.