Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
    Жаңалықтар

    Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    Астана қаласы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта үкім шығарылды.

    «Қуандық Бишімбаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-тармағы, 28-баптың 3-тармағы, 189-баптың 4-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесіндегі тәртібі қатал мекемеде өтесін. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте және жарнасы 50%-дан аспайтын мемлекеттік ұйымдарда басшылық ету құқығынан өмір бойына айырылсын», — деді судья Әділxан Шайxисламов сотта.

    Сонымен қатар, судья Бишімбаевтың қылмыстық жолмен тапқан мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.

    «Қылмыстық жолмен табылған қаржыға алынған мүлкі тәркіленсін», — деді судья.

    Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі 2017 жылдың 7 қарашасында басталған.

    Оған Қызылордадағы шыны зауытын салуға бөлінген 1 млрд теңгені жымқырып, қылмыстық істі ұйымдастырған деген айыптар тағылған. Кейін экс-министрдің адвокаттары журналистерге Қуандық Бишімбаевтың сот процесінің әділ өтетініне сенетінін мәлімдеген.

    Сонымен қатар, олар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысына «мемлекет қаржысын жымқырды» деп тағылған айыптың орынсыз екенін атап өтіп, тергеу барысында өрескел заңбұзушылықтар болғанын ашық айтқан.

    Қуандық Бишімбаев сот процесі кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрап, тергеу амалдарының әділетсіз жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Сонымен қатар, ол Астана іргесінен қалай зәулім үй салғанын түсіндірген.

    Сондай-ақ, процесс барысында прокурор экс-министр Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сотта Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамаған болатын. Бір жылға жуық қамауда жатқан жауапкер өз сөзінде алдымен ел азаматтарының қамын ойлағандығын, сырын білмесе де, сырттан келген адамдарға сеніп, жұмысқа алғанын, ақыры жұмыстың осылай жайсыз аяқталғанын айтқан. 38 жастағы экс-министр халықтан да кешірім сұраған болатын.

    Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевпен қатар аталған атышулы сот ісінде 22 адамға айып тағылып, тергеу жүргізілген болатын.

    Ескерту!

    Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

    Фото: news.rambler.ru
    baq.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.