Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістандағы мұражайда Қабанбай батырдың қаруы сақтаулы
    Жаңалықтар

    Түркістандағы мұражайда Қабанбай батырдың қаруы сақтаулы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.03.2018Updated:14.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістандағы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық музейінде Қаракерей Қабанбайдың қаруы сақтаулы. Сапыны сексенінші жылдары Қабанбайдың ұрпағы, халық суретшісі Сахи Романов әкеліп тапсырған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Музей мамандарының мәліметінше, жәдігер негізгі сапы және қыныдан тұрады. Ұзындығы 34 см болатын қару болаттан соғылған, жүзінің ұзындығы -21,4 см. Сондай-ақ жүзінің жоғарғы жағында кідірген екі кертік сызығы бар, сабының қоспасы жартылай таза күміспен көмкерілген. Онда қаралау әдісімен гүлді ою бедерленген. Ал, қорғасынмен қапталған тұсында күміспен жиектелген көк және жасыл түсті жартылай бағалы асыл тастар төртбұрышты тізбек әшекей ұласқан.

    Батыр ұрпақтарының айтуынша, сарғыш тартқан 11 см-лік сабы пілдің тісінен жасалған көрінеді.

    «Жәдігердің екінші бөлігі — оның былғары қыны. Қынның ұзындығы — 52см, ол «алақан», «қын» және «белдемеден» тұрады. Бесбұрышты алақаны, төртбұрышты белдемесі қынға сән беріп қана қоймай, арнайы қызметтер атқарған. Қынның өне бойы өсімдік тектес қазақы оюмен өрнектелген. Сапының жүзін мұқалтпас үшін әрі қару қынды кесіп кетпес үшін ағаштан жонылған «кіші қын» негізгі қынға нығыздала кигізіліп, өрме шашақты белдемеге таспамен біріктірілген. Жәдігер мұражай қорының қор сақтау бөлмесінде көздің қарашығындай сақтаулы», — дейді мұражай қызметкерлері.

    Қайсар жүрек Қабанбай батырдың табаны тиген өлкеде оның құнды мұрасы сақталып, бүгінде өскелең ұрпаққа таныстырылуда. Қаншама шайқастарда қолынан түспеген қару сапы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық музейі қорының этнографиялық тобынан орын алған.

    Айта кетейік, бұл жәдігердің киелі шаһарда сақталуы да тегін емес. Қазақ халқының басына күн туған қаншама нәубеттер мен жанкешті жаугершіліктерді, жан пида жорықтарды басынан кешкен Түркістан қаласы қазақ хандарының бас қосып, келелі кеңестер өткізген тарихи мекен саналады. Сондай-ақ ел тарихында хандар мен батырлардың, билер мен датқалардың ішінде Түркістан қаласына ат басын тіремей кеткендері кемде-кем.

    Еске салайық, Қаракерей Қабанбай — (1692 ж. Алакөл өңірі — 1770 ж. Барлық тауы, Қоңырата жайлауы) Абылай хан тұсында, яғни ХVIII ғасырда жоңғарларға қарсы күресте жанқиярлықпен ел қорғаған, Найман тайпасы, Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан қазақ батыры. Оның азан шақырып қойған аты — Ерасыл болған. Қабанбай — ерлікпен даңқы шыққан кезде халық қалап қойған лақап аты. 1740 жылы Шыңғыстау шайқасында ерлікпен көзге түскені үшін Абылай хан оған «Дарабоз» деген атақ берген. Осыдан бастап замандастары оны «бас сардар» немесе «Дарабоз» деп атаған. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды» кезінде Қабанбай қарулас достары Елшібек, Бердіқожа, Малайсары батырлармен бірге Түркістанды қорғауға қатысты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.