Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«7-20-25» ипотекасы қашан беріле бастайтыны анықталды
    Жаңалықтар

    «7-20-25» ипотекасы қашан беріле бастайтыны анықталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.03.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасы мамырда бекітіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков үкімет отырысынан кейінгі брифинг кезінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Жыл ортасында дайындық шаралары толық аяқталып, ары қарай кредит бере бастаймыз деген ойдамын. Бұл кредиттердің алғашқы пулы қалыптасқаннан кейін, бізге қарасты ұйым бұл кредиттерді сатып алады, яғни, механизм іске қосылады», — дейді Смоляков.

    Оның сөзінше, бағдарламаны бекіту мамырға жоспарланған.

    «Қатысатын банктердің қаржылық жағдайы ескеріледі. Банктер жылына 70-80 миллиард теңге ипотека береді. Бағдарламаны іске асыру арқылы бұл кемінде 30-40 пайызға артады», — дейді ол.

    Смоляковтың сөзінше, жаңа бағдарлама құрылысқа тәуелді емес, бірақ, жұмысын «7-20-25» шарттарына сәйкес келетін пәтерлер бойынша «Нұрлы жермен» үйлестіріп отырады.

    «Кредиттің максимал көлемі анықталады. Кредитке 20 миллион теңге алынса, үлкен қалалардағы пәтер бағасы, онда кредит алушы айына 140 мың төлеуі керек болады. Ал аймақтық сипат және кредит мөлшері 7 миллион болса, онда айына 50 мың теңге төлейді. Бағдарлама жалпылай икемді», — дейді ол.

    Оның сөзінше, бес жылда Ұлттық банкке қарасты ұйым триллион теңгедей қаржы тарта алады.

    Еске салайық, 5 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев  «7-20-25» атты жаңа бағдарламаны ұсынған болатын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.