Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бас Прокурор табиғатты қорғау прокурорларының қызметін сынға алды
    Жаңалықтар

    Бас Прокурор табиғатты қорғау прокурорларының қызметін сынға алды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың төрағалық етуімен табиғатты қорғау прокуратураларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Бас прокурор олардың енжарлығын, жұмыстарының тиімсіздігін, экологиялық заңнаманың бұзушыларға дер кезінде мән берілмейтінін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

    «БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қоршаған ортаға зиянды әсерлерден денсаулықты қорғау мәселелері күнделікті дерлік жариялы түрде талқыланады. Атмосфералық ауаның ластануы, ауыз судың жоқтығы, тұрмыс қалдықтарының бей-берекет сақталуы, су тасқынына әрекетсіздік танытып отырған уәкілетті мемлекеттік органдардың атына сын айтылып жатады. Бұның барлығы экология саласындағы жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеуді талап етеді», — деді Қайрат Қожамжаров.

    Есептерді тыңдаған Бас Прокурор, Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорларына су қорғау аймақтарында жер учаскелерін бөлу, қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау және көму мәселелеріне; Шығыс Қазақстан облысына – атмосфералық ауаның ластануы, жекелеген елді-мекендердің таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі; Ақмола – Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға және гидроқұрылыстардың салынуына бөлінген бюджет қаражатын мақсатты пайдалану; Маңғыстау облысына – бортында мұнай өнімдері бар теңіз кемелерін кәдеге жарату және жердің өндіріс қалдықтарымен ластануы мәселелерінде қадағалауды күшейту қажеттілігіне назар аударды.

    Бас Прокурор қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдылықты прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

    Сондай-ақ, алдын алу шараларын дайындап шығару мақсатында заң бұзушылықтардың сипаты мен жүйелілігіне назар аудара келе, экологиялық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша сот-тергеу тәжірибесіне талдау жасау туралы нұсқау берді.

    Қайрат Қожамжаров қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге, оның ішінде халықты ауыз сумен жабдықтау үшін су құбырларын, гидроқұрылыстарын салуға және жөндеуге бағытталған «Нұрлы жол», «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту», «2021 жылға дейін Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру мақсатымен бөлінген бюджет қаражатының тиісті жұмсалуын қатаң қадағалауды талап етті.

    Облыс прокурорларына табиғат қорғау заңнамасын қадағалауды жүргізу және күшейту кезінде бақылаушы органдардың функцияларын ауыстыру фактілеріне жол бермеу бойынша бағыт берілді.

    Жиын соңында бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

    Экологиялық қауіпсіздікті қадағалауды 11 мамандандырылған прокуратураның қамтамасыз ететінін еске саламыз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.