Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі қытайлық делегациямен кездесті
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі қытайлық делегациямен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасының Инвестиция және даму комитеті департаментінің басшы Чинь Юйцай бастаған делегациямен кездесті. Тараптар басқосуда өзара экономикалық байланыс жайында әңгіме өрбітіп, алдағы уақытта бұл қарым-қатынасты одан әрі нығайту жайын талқылады.

    Кездесуде облыс әкімі өңіріміздің экономикалық әлеуетін айта келе, көрші елмен алыс-берісті күшейту бағытында бірқатар ұсыныс пікірлерін жеткізді.

    «Меніңше бұл кездесу екі тарап үшін де тиімді болады. Себебі біздің өңірде кәсіпкерлікпен айналысу үшін ыңғайлы жағдай жасалған. Ол қытайлық кәсіпкерлерді қызықтырады деп ойлаймын. Бұған дейін де екі ел арасында байланыс жақсы болып келді. Еліміздегі қытайлық компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылған 50-ден астам жобамен, қос тарап арасындағы тауар айналымның 10,4 млрд-қа АҚШ долларына жеткені осының дәлелі. Алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынасты туризм және инвациялық даму бағытында да нығайта түсеміз деген сенімдемін», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Оңтүстік өңірі жайлы ақпаратқа қаныққан қонақтар да бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екендіктерін жеткізді. Олар Қытайда білім саласына қатысты жаңа бастама іске асырылғалы жатқанын айта келе, қазақстандықтарды өз елдеріне оқуға шақырды.

    «Негізінде қос тарап арасында қатынасты нығайту екі елге де өте тиімді. Осы ретте біз ғылым мен білімді дамытуға күш салып келеміз. Аталған саланы дамыта отырып, көрші елдермен қатынасты нығайтуды көздеп отырмыз. Мәселен, осы жоба аясында қазақстандық мектеп бітірушілерді оқуға шақырамыз. Сондай-ақ, оқу аяқталған соң оларды жұмысқа орналастыру мәселесін де шешіп беруге атсалысамыз», – деді ҚХР Инвестиция және даму комитетінің департамент басшысы Чинь Юйцай.

    Айта кетейік, Қытай елінде қазірдің өзінде 15 мыңға тарта қазақстандық жас білімін жетілдіріп жүр. Екі ел арасындағы жобалар оң шешімін тапса, бұл көрсеткіш еселеп артуы мүмкін. Өйткені, қытайлық оқу орындар биыл тағы грант бөліп отыр.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.