Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Өзбекстанда тойдың өтетін уақыты, шақырылатын адам мен кортеждегі көліктің саны заңмен реттелмек
    Жаңалықтар

    Өзбекстанда тойдың өтетін уақыты, шақырылатын адам мен кортеждегі көліктің саны заңмен реттелмек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Өзбекстанда тойдағы ысырапшылдыққа жол берілмейді, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.
    Телеарнаның хабарлауынша, бұл елде тіпті жастардың серуенге шыққанда жүретін қымбат көліктерінің саны да қысқартылуы мүмкін. Сағатқа да шектеу қойылады. Қазір көрші елде той мен жиын өткізу рәсіміне қатысты арнайы құжат әзірленіп жатыр. Жоба көпшіліктің талқылануынан кейін барып Парламентте бекітілмек.
    Өзбекстанда үйлену тойы мен ас беру кезіндегі ысырапшылықты қысқарту мәселесін халық қызу талқылап жатыр. Бірі бұл атадан келе жатқан салт десе, енді бірі құр дабырашылық деп отыр. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары тіпті ас берудің өзі бәсекеге айналып барады. «Кейбір азаматтар қарызға белшеден батса да дүркіретіп той жасауды әдетке айналдырған», — дейді қария.
    «Менің ойымша, қазіргі таңда біреудің үлкен дәмханаларда той өткізуге қауқары жетеді. Кейбіреуінің оған шамасы жоқ. Он-онбес машина жүреді. Тұрмысы төмен адам оны көрген соң қалғысы келмейді. Бұл қазіргі заманда той құр ысырапқа айналып барады деген сөзі. Дастарханда тіпті ыдыс қоятын жер қалмайды. Соны көрген біз сияқтылар тыраштанып соңында қарызға батамыз. Негізі бұл дұрыс көтерілген бастама деп ойламын», — деді Ташкент қаласының тұрғыны Бурибой Кудратов.
    Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жұртты үйлену тойын қарапайымдап етіп өткізуге шақырған еді. Тіпті аста-төк той жасау мен ақша шашуды сынап тастады. Мемлекет басшысының осы ескертуінен кейін жасалынып жатқан құжатта тойға шақырылатын қонақтар саны 150 адамнан аспауы керек деп көрсетілген. Дастархан мәзірі де соған қарай ықшамдалады. Сонда қазан-қазан палау да басылмайды.
    «Кейбір тойларға тіпті мыңнан 1,5 мыңға дейін қонақ келіп жатады. Оны игерудің өзі мүмкін емес. Қаншама қазан көтеріледі. Ысырап көп. Осы тұрғыдан алып қарағанда дұрыс. Той өткізбесін деген шектеу жоқ. Тек артық шығынға жол бермеу», — деді Республикалық Махаллалар комитетінің өкілі Лазиз Рахматов.
    Әсіресе жас жұбайлар серуенге шыққан кезінде олармен бірге еріп жүретін қымбат шетелдік көліктер саны да қысқартылады. Бұл жол қауіпсіздігін сақтауға да мүмкіндік береді. Атын шығарғысы келсе, жетім-жесірге қол ұшын созсын. «Артық ақшасын игі істерге жұмсаса, қоғамдағы кемшіліктер түзелер еді», — дейді мамандар. Жаңа жоба талқылаудан кейін депуттартардың қарауына ұсынылмақ.
    «Ықшамды болса той өткізген адамға да тиімді. Уақыты бойынша кешкі онға кейін той тоқтатылады. Демек жұрт ертеңіне жұмысқа кешікпей барады. Оған қоса жастар түн мезгілінде бейуақыт жүрмейді. Шағын болса екі тарапқа да тиімді. Бұл жоба әлі көпшілікке түсіндіріліп жатыр», — деді Яшнабад ауданының депутаты Азиза Пидаева.
    Осылайша көрші елде той-думанды жарияға жар салып емес, қарапайым етіп өткізу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұл той-бизнесінде жүрген кейбір жандарға кері әсерін тигізуі мүмкін. «Дегенмен бұл — ұлт үшін жасалып жатқан игі бастама», — дейді мамандар.
    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz
    Фото: yandex.kz
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.