Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»: халықаралық сарапшылардың пікірлері
    Жаңалықтар

    «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»: халықаралық сарапшылардың пікірлері

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.03.2018Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    5 наурызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы кезінде қазақстандықтарға бес жаңа әлеуметтік бастамасын арнады. Жаңа реформалардың өзектілігі мен уақыттылылығы ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен талқылануда, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

    ҚР Премьер-Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасы жариялаған халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалар халықаралық сарапшылар тарапынан оң бағаға ие болды.

    Бағдарламаны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа мазмұнмен толықтырады — ӨПИ

    ҚР Президентінің жаңа әлеуметтік бастамалары туралы Өңірлік проблемалар институтының Бас директоры Дмитрий Журавлев келесідей пікір білдірді:

    «Мұның бәрі адамдарды жаңа экономикадағы лайықты қызметкерлерге айналдыратындай өмір сүру мен білім алудың жоғары деңгейін қалыптастыруы тиіс. Бұл үлгі басқаларға база болмақ. Менің ойымша, Қазақстан кемінде өмір сүру деңгейі біздей елдер үшін көшбасшыға айналады. Ел Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары теңдессіз – әсіресе әлемнің басқа елдерінің қатарында. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламаны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа мазмұнмен толықтыратынын кездейсоқ айтқан жоқ.

    Қазақстан бұл бастамалардан тек пайда табады — Singapore Press Club

    9b05afd15aad15ed101a5591f4c44102

    «Материалдық пайда маңызды рөлге ие, алайда әлеуметтік бірліктің өмірлік маңызы зор. Президент Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру жағдайын жақсарту қажет екенін жақсы түсінеді, бұл сондай-ақ Қазақстанның экономикалық өсіміне септігін тигізеді. Осылайша, ол тұрғын үй, жоғары білім беру, жалақыны көтеру және мұқтаж жандардың өмір сүру жағдайын жақсарту сияқты халықтың негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға баса назар аударады. Елді жалпы жаңғыртумен қатар, Президент дамудың барлық бағыттарын қамтуға тырысатыны айқын.

    Халықтың әлеуметтік осал топтарына мұң-мұқтаждарын жеткізу үшін «айқайлауына» туралы келеді. Бұл жағдайда Президент оларды не алаңдататынын жақсы түсінеді, және олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдайды.  Бұл аз қорғалған санаттарға қамқорлық көрсету арқылы тең мүмкіндіктер ұсынудың айқын мысалы.  Қазақстан бұл бастамалардан тек пайда табады, себебі халық елдің әрі қарайғы дамуында біртұтас болмақ», — деп жазды Сингапур Баспасөз клубының Құрметті хатшысы (Singapore Press Club) Сантош Кумар

    Әлемдік БАҚ мән-мәтініндегі Президент бастамалары

    Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған үндеуін жаңа әлеуметтік бастамаларды белсенді түрде таратып отыратын әлемдік БАҚ-тар да назардан тыс қалдырмады.

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің солтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз ететін газ құбырын салу жөнінде бастама білдірді, деп хабарлайды ТАСС.

    «Қазақстанда тұрғын үй алуға берілетін ипотека мөлшерлемесі екі есеге төмендетіледі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент пен Үкіметтің бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасын және өзге де ауқымды әлеуметтік реформаларды іске асыруды ұсынды», — деп хабарлайды «МИР 24»  тілшісі Назар Ахмаров.

    Сондай-ақ, ұсынылған бастамалар салықтарды қысқарту, білім беру сапасын жақсарту, бизнеске жеңілдікті шағын несиелер беруге және газдандыруға қатысты.

    «Президент салықты төмендету туралы мәлім етті: ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын салық жүктемесі 10%-дан 1%-ға төмендетіледі. Мемлекет басшысы реформалар нәтижесінде алынған қаржыны жалақыны көбейтуге жұмсауды ұсынды. Осы реформаларды жүзеге асырған соң, Қазақстанның кем дегенде 2 млн азаматы бүгінгі күнге қарағанда көбірек жалақы алатын болады», — деп жазылған басылымда.

    Lenta.ru былай деп жазады:

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықты төмендетуге уәде берді. Төмен жалақы алатын екі миллион азамат үшін алым 10 есеге азаяды.

    «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін он есеге азайтып, 1 пайыз ғана салық салуды ұсынамын», — деді Президент Парламент отырысында.

    Жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға енгізіледі (Ресейдің ең төменгі жалақы мөлшерінің аналогы). Салықты азайту нәтижесінде қазақстандықтардың жалақысы өседі.

    «Салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл екі миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

    Сондай-ақ, Президент әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек екенін атап өтті.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.