Бүгін 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Шымкент қаласының әкімі қаладағы нәзікжандыларды құттықтады. Жиналған әйелдерге құттықтау сөз арнаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев әйелдерді әлемнің сегізінші кереметіне теңеді.
«Ана» деп ән салған әртістердің ізін жалғай, сахна төріне Шымкенттің шенеуніктері де шықты. Әкімнің орынбасарлары мен бөлім басшылары шырқаған әсем ән көптің көңілін әп сәтте тауып, жиылған қауым әуенін қосыла шырқады.
Мерекелік шара тамаша концертке ұласты.
Салтанат ТОЙБОЛОВА.












